Құқығыңды білесің бе?

Мұрагерлік мәселелері реттеуді қажет етеді

  • Мұрагерлік мәселелері реттеуді қажет етеді

    Мұрагерлік мәселелері реттеуді қажет етеді

Меншік құқығы матери­алдық игіліктерді, табиғат өнімдері мен еңбектен пайда болатын игіліктерді иеленуді реттейді. Ол тарихи қоғам­ның ішкі айқындауы арқылы пайда болады. ҚР Конс­титуциясының 26­бабының 1­тармақшасында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жекемен­шігінде ұстай алады» деп бекітілген, яғни, азаматтардың мұрагерлік құқығы заң жүзін­де қорғалады.

Заң ғылымдарының док­торы, профессор С.Байсалов­тың пікірінше, жер, оның қойнауы мен әлемі табиғи тұр­ғыдан қарағандай адамның,қоғамның немесе мемлекеттің күшімен жасалынған зат емес, мүлік те емес. Бұл табиғи жара тылыс. Яғни, жерге қатысты мұрагерлік мүліктік қатынас­тарды құқықтық реттеу ең әуелі жер мен конституциялық, азаматтық ­құқықтық норма бойынша жүзеге асырылады. Осы нормалар арқылы мұрагер мұраны қабылдаған немесе қабылдау бойынша іс­әрекеттер жасаған жағдайда көптеген мәселелер туындап жатыр. Мысалы, жылжымайтын

мүлікке (оның қатарына жер учаскесі де жатады) мұра құқығы туралы куәлік өкілетті органдарда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Осыған орай, бірқатар проблемалық мәселелердің кездесетінін атап өткен жөн. Оның ішіндегі жерге жеке­меншік құқығының келесі мәселесі – рәсімделмеген жер учаскелерін мұра етіп алуы.  Тәжірибеде мұра қалдырушы жер учаскесін жекеменшікке алу жөніндегі құжаттарды рәсімдеп біткенше қайтыс болып кетіп, көрсетілген құқықтың тіркеуші органдар­ да тіркелмей қалуы кездеседі. Қазіргі таңда мұра құра­мының ішіне мұра қалдырушының жеке басына байланысты құқықтар мен мiндеттер жазылған тізімде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1040­ бабы негізінде мұра құқығын рәсімдеу мемлекетіміздің сот тәжірибесінде бар болғанымен, мұрагердің жылжымайтын мүлікке байланысты аяғына дейін рәсімделмеген құжат­тарды рәсімдеу жөніндегі мәселені шешу кезінде сот­ тарда мұрагерлік туралы заңнама біркелкі қолданыл­майды. Дегенмен, Қазақ­стан Республикасы Соттар­дың мұрагерлік туралы заң­наманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Жоғарғы Соттың 2009 жылғы 29 мау­сымдағы қаулысында бұл мәселені реттеудің тәртібі жөнінде түсініктеме берілген: « … Мұраны іс жүзінде қабылдау деп мұрагердің мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін соңғының мүлкін иеленуін және пайдалануын куәландыратын әрекеттері, оның мүлкін ұстау мен сақтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы, мұрагерлік мүлікке байланысты оның қарыздары мен салықтарын төлеуі не мұрагерлік массаға енгізілуге жататын мүліктік сипаттағы мұра қалдырушыға тиесілі төлемдерді, құндылықтарды алуы деп түсіндіріледі». Алайда, бұл Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Мұрагерлік құқық мәселеле­рін нормативтік реттеу уақыт­пен және ғылыми­техникалық прогреспен қатар жүреді, сондықтан, ол адамның құқықтары мен бостандық­тарын сақтай отырып тұрақты түрде дамуы тиіс. 


Алаш айнасы




Көрілген: 1526    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 15:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31