Құқығыңды білесің бе?

Наурызбай ауданында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары түсіндірілді

  • Наурызбай ауданында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары түсіндірілді

    Наурызбай ауданында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары түсіндірілді

22-қыркүйек күні Алматы қаласы Наурызбай аудандық әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өткізілді.

Шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Наурызбай ауданы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Тұяқбаев Самат Сейсенұлы, сондай-ақ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мергенбаев Әли Батырханұлы қатысты.

«Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары С.Тұяқбаев Төтенше жағдайлар қызметінің офицерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауындағы мақсаттары мен міндеттерінің барысын талқылап, сонымен қатар ұлттық құндылықтардың маңыздылығын және әрбір азаматтың және өскелең ұрпақтың патриоттық сана сезімін нығайтуда бірлесе жұмыс жасауды атап көрсетті.

«Демократиялық реформалар елімізді танымал етті, бүгін бірде-бір ірі халықаралық мәселе Қазақстанның қатысуынсыз шешілмейді. Бес негізгі институционалдық реформалар еліміздегі тұрақтылықтың негізін құрайды» - деді өз сөзінде С.Сейсенұлы.

Сондай-ақ, отырыста Алматы қаласы Наурызбай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілу бүгінгі таңда өте қажет екендігі баяндалды.

Жалпы шара барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының негізгі тармақтары қатысушыларға кеңінен түсіндірілді. Сұрақ-жауаптармен аталмыш іс-шара өз деңгейінде жүргізіліп өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында, басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамдардың өкілеттіктері жөнінде айтылды.

Семинардың қорытындысы бойынша, басшы басқарма қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Әдеп Кодексінің нормаларын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды талап етті.

Сондай-ақ жақында Наурыз ауданында халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру және мемлекеттік органдар қызметінің айқындылығы мақсатында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі төрағасы Қ.Көшербаев «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Наурызбай аудандық бөлімшесі қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде кездесу өткізді.

Нұротандықтардың атқарған жұмыстары мемлекеттік органдары қызметінің кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністерімен қарсы күресуге мүмкіндік береді.


Айнұр Нұрсабет 




Көрілген: 1937    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.09.2017, 17:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30