Құқығыңды білесің бе?

Өсиетнама қандай жағдайда жарамсыз деп танылады?

  • Өсиетнама қандай жағдайда жарамсыз деп танылады?

    Өсиетнама қандай жағдайда жарамсыз деп танылады?

Бір әкеден үш ағайындымыз. Ағаларым отау құрысымен еншілерін алып кеткен. Ата-анам дәм-тұздары таусылғанша менің қолымда тұрды. Мәңгілік сапарға ақ жауып, арулап қойдым. Қара шаңырақ анамның өсиетімен менің атыма жазылды. Алайда, ағаларым үйді бөліскісі келе ме деген де күдігім бар. Сұрағым келгені, өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін өсиетнаманың күшін жоюға бола ма?

А.Бисенбай,

Қызылорда облысы


Кез келген азамат өзінің мүлкін (міндетті мұрагерлерді мұрасынан айыруға құқылы емес жағдайларды қоспаған кезде) өсиетпен қалдыруға құқылы. Егер жақын туысқандары өсиетнаманы әділ деп санамаса, өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін оны даулай алады. Мысалы, балалары мен немерелері бола тұра мұра алыс туысына немесе бөтен адамға, сондай-ақ, өсиет жазушыға, тіпті, қатысы жоқ мұрагерге қалдырылылуы мүмкін. Сондай жағдайда өсиетнаманы жарамсыз деп тану үшін мүдделі тұлға мұраны ашу орны бойынша (қайтыс болған адамның соңғы орны) сотқа жүгіне алады. Сотқа жүгіну алдында қажетті дәлелдерді жинау және маңызды дайындық, куәгерлер тобын, сараптамаларды жүргізу, мүмкіндікті бағалау қажеттілігін, дауланатын өсиетнамамен өзінің келіспеуінің салмақты дәлелдерін ұсынуы керек. Қажетті жағдайда тиісті сараптама тағайындалады. Сот оның тиісті нысанда құрастырылмауына, яғни, нотариалды куәландырылған өсиетнамаға сәйкес келуі не келмеуіне байланысты жарамсыз деп тануы мүмкін.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 19:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30