Құқығыңды білесің бе?

Шетелдіктерді ел шегінен шығарудың тәртібі бар

  • Шетелдіктерді ел шегінен шығарудың тәртібі бар

    Шетелдіктерді ел шегінен шығарудың тәртібі бар

Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңының талаптары негізінде жүзеге асырылады.

Аталған заңның 28-бабында шетелдік азамат төмендегі жағдайларда:


а) егер оның іс-әрекеті мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса;

б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиетін сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;

в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;

г) егер Қазақстан Републикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгілеген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен қуылуы мүмкін.

Шығарып жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген мемелекеттік органдары немесе сот қабылдайды. Шетелдік осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімінің орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасала отырып, өз бетімен кетуі арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жіберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде ел аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясы бойынша ұсталуға және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге тиіс. Бұл орайда, шығарып жіберу үшін қажет болатын мерзімге ұстауға жол беріледі. Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне береді.

Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі АПК) 49-тарауында «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы» арызы сотта іс жүргізу арқылы қолданылатындығы қарастырылған. Осы тараудың 382-386 баптарының талабына сай Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін ел шегінен шығарып жіберу туралы арызды ішкі істер огандары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді. Бұл арызда шетелдіктің заң бұзғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуы және осы әрекетін растайтын құжаттар қоса тіркелуі тиіс. Арызды сот іс қозғалған кезден бастап он күн ішінде, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ, прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.

Сот шығыстары, сондай-ақ, шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарылып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдарды шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Арыз бойынша Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды қүшіне енеді және шетелдікті ел шегінен тыс шығарып жіберуге негіз болады.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1264    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.08.2017, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30