Құқығыңды білесің бе?

ШҚО-да медиация арқылы қаралатын істер саны артып келеді

  • ШҚО-да медиация арқылы қаралатын істер саны артып келеді

    ШҚО-да медиация арқылы қаралатын істер саны артып келеді

Шығыс Қазақстанда ағымдағы жылдың І жартыжылдығында медиаторлардың көмегімен 890 қылмыстық іс қаралған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50%-ға өскенін статистика байқатып отыр.

2016 жылдың 6 айында 446 қылмыстық іс медиаторлардың қатысуымен қаралса, биылғы жылы көрсеткіш екі есеге дейін өскен. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев мәлімдеді.

– Әсіресе Бородулиха, Зырян, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарының және Риддер қалалық сотының көрсеткіштері бойынша медиация арқылы істер жиі қаралады. Тек Көкпекті аудандық №2 соты облыс бойынша төмен көрсеткіште, – деді Қайрат Чакпантаев.

Сондай-ақ, алқа төрағасы аса ауыр қылмыстық істерді шешуде медиаторлардың араласуы жайлы айта отырып, терроризм, экстремизм және кісі өліміне әкелген қылмыстық істе медиаторлар араласпайтындығын мәлімдеді.

Жалпы соңғы жылдары елімізде медиациялық жүйемен қаралатын істер санының артуы қуантады. Медиацияға жүгінсе, дауласу¬шылардың бірінікі – дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады. Түптеп айтқанда, медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40 пайызы медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Өркениетті дейтін шетелдердің тәжірибесінде дауларды медиатордың қатысуымен реттеу көп жағдайда екі тараптың келісімге келуімен аяқталатынын көрсетеді. Бұл даулаушы тараптардың санын азайтады. Бізге керегі де осы.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарда медиация рәсiмi қолданылмайды. Өйткені, медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi. Бір сөзбен айтқанда, медиацияның мақсаты дауды шешуде медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу, тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету болып табылады. Сондай-ақ, судьялардың және қыл¬мыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Қазіргі таңдағы медиация түсінігі ХХ ғасырдың екінші жартысында, алдымен, ағылшын-саксон құқығы қолданылатын елдерде – АҚШ, Австралияда дами бастады, содан кейін Еуропаға тарала бастағандығын айтады. Медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасал¬ды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Бәрімізге белгілі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Президент Н.Назарбаев Үкіметке медиация институтын дамытуға бағытталған заңға бағынысты құқықтық база қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды, сондай-ақ, ол медиация құрылымдарын ұлттық және жеке компанияларда құру керектігін атап көрсетті.

Өйткені, әлемдік тәжірибеде медиа¬цияны заңнамалық бекітудің көптеген мысалдары белгілі. Тиісті актілер АҚШ, Австрия, Германияда қабылданған. Еуропа комиссиясы Медиа¬тордың кодексін бекітті, ал Еуро-одақ медиаторлар қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. Ал біздің еліміз медиация үшін жасақталған қажетті инфрақұрылымды әлемдік тәжірибені ескере отырып құқықтық жүйеде институттандыра білді.

Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 1128    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.07.2017, 14:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30