Құқығыңды білесің бе?

Сот жүйесінің сапасы артуда

  • Сот жүйесінің сапасы артуда

    Сот жүйесінің сапасы артуда

Жартыжылдық қортынды бойынша Жоғары сотта өткен жиында ауыз толтырып айталған тағы бір мәселе соңғы кездері өзгертілген және жойылған сот шешімдерінің айтарлықтай азаюы болып отыр. Сот жүйесінде соңғы кездері жасалған жүйенің бұл да бір жемісті жағы болып отыр.

Жалпы үш сатылы сот жұмысы Мемлекет басшысы және халық тарапынан жоғары бағаланып отыр. Республика бойынша өткен жартыжылдықта 409 мың іс аяқталыпты Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68 мыңға көп. Судьялардың күші жойылып, өзгертілген шешімдері 1,1 пайыз болып, біршама сапаның артқаны байқалады. Әсіресе, сот өндірісін оңтайландыру шаралары сот жүйесіне тиімді әсер етіп отыр. Өйткені, солардың арқасында соттың төменгі сатыларындағы сот талқылау мен жергілікті соттардың сот актілерін Жоғарғы Соттағы қайта қарау уақыты қысқарып, бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың уақытын, материалдық, еңбек ресурс¬тарын үнемдеуге мүмкіндік берді. Осыған дейін сот шешімдерінің жиі бұзылып, өзгертілуі де сот жүйесінің сапасына кері әсер еткен еді. Сонымен қатар, жаңа жүйе бұзылған құқықты қорғап, дер кезінде қалпына келтірудің кепілдігіне айналып отыр. Тараптардың сот мәжілістеріне қатысуы талап етілмеуі есебінен олардың материалдық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген өндіріс институты да зінің тиімділігін көрсетуде.

Өткен мерзім ішінде аяқталған азаматтық істердің 62,5 пайызын қамтитын 255 іс жеңілдетілген өндіріспен қаралды. Сол секілді, бітімгерлік амалдарымен қаралған істер қатары 3 мыңға жетіп, оның 7 пайызында тараптар ортақ мәмілеге келген. Медиацияны қолданған істер 13,9 мың болса, 283 іс партисипативтік әдіспен шешілген. Осылайша баламалы амалдармен қаралып, аяқталған істер 17 мың болып, былтырғыдан 4 мыңға артқан. Өз кезегнде судьялардың да жүктемесін азайтылған. Сол секілді, алдын ала сот отырысында түпкілікті сот шешімін шығару институты да туындаған дауларды басты сот талқылауынсыз, қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік беріп, тиімділігін көрсеткен. Есепті кезеңде осындай жолмен 9,5 мың іс шешілген. бұл жалпы аяқталған істің 2,3 пайызын қамтиды.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1126    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30