Құқығыңды білесің бе?

Сот жүйесінің сапасын арттыруда Елбасының еңбегі зор!

  • Сот жүйесінің сапасын арттыруда Елбасының еңбегі зор!

    Сот жүйесінің сапасын арттыруда Елбасының еңбегі зор!

Тәуелсіздік алғалы бері қазақстандық сот жүйесінің сапалық жағынан өскенін айтып, пікір білдіретіндер өте көп. Бүгінгі тәуелсіздік туы желбіреген таңда Қазақстанда жүргізілген сот реформалары сот төрелігі жүйесін еліміздің азаматтары мен олардың талаптарына сай келетіндей етіп өзгертті.

Расында да еліміздің сот жүйесінде осы жылдар ішінде талай рет реформалар жасалды. Шетелдік озық тәжірибелер енгізілді. Талай заңдар қабылданды. Мұнда Елбасымыздың да еңбегі зор. Себебі Елбасының жыл сайынғы жолдауларынан да құқық қорғау саласы назардан тыс қалған емес. Әр жылды қорытындылап, келешекке мықты жоспар құра білетін салиқалы саясаткердің жолдауынан ешбір сала тыс қалып жатқан жоқ. Соның ішінде құқық қорғау жүйесі, сот саласына айрықша тоқталып отырады.

Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың барлығы ел игілігіне қызмет етуде. Мемлекет басшысы үшінші биліктің мәселесін ешқашан күн тәртібінен түсірген емес. Соның арқасында бүгінде сот жүйесі электронды іс-қағазына өтіп, халықтың ақпаратқа қолжетімділігі арта түсті. Сот залдары да заманауи ақпараттық технологиялармен толығып, аудео-бейне қондырғылармен жабдықталды. Судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беру мәселесін де алғаш рет ел талқысына ұсынған Президент болатын. Шын мәнінде, сот шешімін шығарарда судьяның тәуелсіз болуы, сырттан жасалатын ықпалдардан қорғалуы төрелік алаңының таза ұсталуына, Қазақстанның қауіпсіз, әділ ел атануына ықпал етті. «Медиация туралы», «Алқабилер туралы» заңдардың өмірге жолдама алып, судьялардың Әдеп кодексінің тәжірибеге енгізілуі де бұл саланы алға жылжытып, азаматтарымыздың құқығының қорғалуын қамтамасыз ете түсті. Ұлт жоспарының 17-қадамы аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілгендіктен, елде судья лауазымына іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді. Сот шешімінің мүлтіксіз болуы үшін, судьялар құрамының сапалық тұрғыдан мықты болуының маңызы зор!

Бүгінгі таңда отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай, қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде. Судьялар 30-дамыған елдің қатарына кіру мақсатында Елбасымен сот жүйесінің алдына қойған тапсырмаларды орындауда айтарлықтай өз үлестерін қосып отыр.

Сот саласына жасалған өзгерістер бұл саладағы қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, халықтың құқығының қорғалуында жаңа сатыға көтергенін байқаймыз. Бұл басты жетістік!


Арай Нугуманова, Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы


Алматы қаласы

 




Көрілген: 1029    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 14:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30