Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сот саласы ақпараттық технологияға көңіл бөлуде

27 қаңтар 2018, 01:53

Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр. Өйткені әлем елдері цифрлық теxнологияға бет бұрды. Соның нәтижесінде дамудың барлық сатысы жаңа кезеңге аяқ басты. Цифрлық теxнология биліктің ашықтығын, қабылданып жатқан шешімдердің жариялылығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні электронды үкімет - цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді. Осы орайда атап айта кетер жайт соңғы кездері сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып отырғаны баршаға мәлім. Сот процестерінің ашық және жариялы түрде өтуін қамтамасыз етудің тағы бір ізгі қадамы - істердің аудио-бейне қондырғыларын қолдану арқылы қараудың қолға алынуы. Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот тарапынан 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап Төрелік ақпараттық жүйесі енгізіліп, жұмыс істеуде. Сот жүйесінің жетілдірілген интернет-ресурстары төрелік ақпараттық жүйесі, сот кабинеті сервисі, электронды шақыру қағаз, сот құжаттарымен танысу сервисі, SMS–хабарлама сервисі, талдау форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция секілді заманауи жетістіктер қазіргі таңда сот саласында кеңінен қолданылуда.
Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді. Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.
Барлық сот процестерінде аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларын қолдану Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сот жүйесінің алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі болатын. Бүгінде Қазақстан Республикасының соттары сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін санды форматтағы аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларымен жабдықталған. Жолдауда атап өтілгендей заманауи цифрлық технология бүгінде сот саласын дамытуға оң ықпалын тигізуде.
Бадирова Хадича, Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы
Алматы қаласы