Құқығыңды білесің бе?

Сотталғандармен жүргізілетін жұмыс әлсіз

  • Сотталғандармен жүргізілетін жұмыс әлсіз

    Сотталғандармен жүргізілетін жұмыс әлсіз

Елімізде сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмысқа тарту жұмыстары өзекті күйінде қалып тұр. Жалпы елімізде бас бостандығынан айыруға кесілгендер саны артып отыр. Демек олармен жүргізілетін жұмыстарды да күшейту керек. Қазір судьялар тарапынан көбіне бостандықты шектеу жазалары қолданылып, қоғамдық жазаға тарту сынды шараларға басымдық бермей отыр.

Кешегі Жоғары сотта өткен жарты жылдық қортынды жиын да бұл мәселе де айтылды. Елімізде сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту жайы сөз болғанына біршама уақыт өтсе де, шешімін таппай келе жатыр. Сондықтан облыстық соттар шығарылған шешімдердің әділдігі мен заңдылығына талдау жасап, жергілікті әкімдермен байланыс орнатып, сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тартуға көбірек ден қоюы керек екені байқалады.

Айта кетер жайт, соттардағы ақталушылардың қатары да артқаны байқалады. Тек қылмыстық процесс қағидаттарының елеулі бұзылуына байланысты ақтау үкімдерін шығару тәжірибесі жоқ. Алқа төрағасының айтуынша, мұндай ақтаулар қатысушылардың құқы мен міндетінің заңдылығын, қолсұғылмау¬шылығын, кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ететін қылмыстық процестің іргелі негізі. Сондықтан қылмыстық процестік заң талаптарының бұзылуына байланысты ақтау тәжірибесін күшейту қажет. Өйткені, бірінші сатыда барлық негіздер айқындалса да жекелеген айғақтардың сыни сипатын желеу етіп, бірінші сатыда соттар ақтау үкімін емес, айыптау үкімін шығаратын фактілер бар. Мәселен, есепті кезеңде апелляциялық сот 11 тұлғаға қатысты шығарған айыптау үкімдерінің ақтау үкімдерімен күші жойылған. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот кассациялық тәртіппен қылмыс¬тық құрамының жоқтығына байланыс¬ты 8 тұлғаға қатысты сот актісінің күшін жойған.



 Алаш айнасы




Көрілген: 992    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 13:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30