Құқығыңды білесің бе?

Сотты құрметтемеудің соңы неге соқтырады?

  • Сотты құрметтемеудің соңы неге соқтырады?

    Сотты құрметтемеудің соңы неге соқтырады?

«Сотқа құрметтемеушілік көрсету» дегенді және ол үшін жауапкершілік бар екендігін жиі естиміз. Алайда, оған не жата­тынын, қандай жауапкершілік қарастырылғанын біле бермей­міз. Осы жөнінде білгім келеді?

Д.ШАХМАРДАН

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ


Иә, қандай да бір сот отырысына қатысатын азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті. Егер қатысушының бірі тәртіпті бұзса, яғни, сотқа құрметтемеушілік көрсетсе, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 188-бабы талабына сай, іске төрағалық етушi соттың атынан оған ескерту жасалады. Тәртiптi қайталап бұзса, ол адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарылуы мүмкiн. Iстi талқылау барысында оған қатысушылар жаппай тәртiп бұзған жағдайда сот iске қатыспайтын адамдардың барлығын сот отырысы залынан шығарып жіберуі және iстi жабық отырыста қарауы немесе iстi талқылауды кейiнге қалдыруы мүмкiн. Процеске қатысушы тұлға тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған кезде, сот кінәлі адамға осы Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл адам осы қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Жалпы, сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбау, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар

ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуі сотты құрметтемеушіліктің белгілері болып табылады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 653-бабы 1-тармағының талабына сәйкес, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ, сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

А.НҰРЖАНОВ,

Ақтөбе қалалық сотының судьясы 




Көрілген: 1293    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 21:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31