Құқығыңды білесің бе?

Судьяларға қойылар талап жоғары

  • Судьяларға қойылар талап жоғары

    Судьяларға қойылар талап жоғары

Жоғары сотта өткізілген жарты жылдық қортынды кезеңінде Біліктілік комиссиясының жұмысы да талқыланды. Өткен жарты жыл ішінде Біліктілік комиссиясы 33 отырыс өткізіп, 8-ін судьялардың жоғары лауазым байқауына арнапты. Талдау жұмыс істеп жүрген және жаңадан тағайындалған судьялар жұмысын кәсіби тұрғыдан бағалаудың маңыздылығын көрсеткен.

Сол секілді, сот алқасы тарапынан жүзеге асырылатын Тәртіптік комиссия жұмысы да саладағы кадрлар біліктілігінің өзекті мәселе екенін көрсетіп отыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Сот алқасы 32 судьяны тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Алайда, судьялардың барлығы ескертпе шараларынан қорытынды шығармай, 6 судьяның тәртібі бірнеше рет қаралған. Мамандар сөзіне сенсек, заңның бұзылуына жол берушілікпен қатар, судьялар тарапынан этикалық нормалар жиі бұзылады екен. Сот этикасының бұзылуы қоғамның сот төрелігіне деген сеніміне селкеу түсіріп, тұтас сот жүйесінің абыройын түсіретін көрінеді. Сондықтан, Сот алқасы осындай әрекетке барған судьяларға қатаң шара қолдануда. Өткен мерзімде 32 судья тәртіптік жауапқа тартылса, соның 8-іне сот әдебіне қайшы келетін теріс қылығы үшін шара қолданылған. Ал олардың жартысы қызметінен босатылған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Конституция¬лық заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың судьялар әрекетіне наразылығы да Тәртіптік комиссияда қаралуда. Жарты жыл қорытындысы бойынша осындай сипатта Сот алқасына 291 арыз түсіпті. Талдау көрсеткендей, арыздарға көбіне процессуалдық заңнама өлшемдерінің бұзылуы, қағазбастылық, сот актісімен келіспеу¬шілік, судьяның этикаға жат әрекеті себеп болады екен. Жыл басынан бері Тәртіптік комиссия мүшелері түскен шағымдар бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Судьяларға қойылар талаптың жоғарылауы ең алдымен сот жүйесі жұмысының сапасының артуына да ықпал етіп жатыр. Сот жүйесіндегі оң өзгерістер осының айғағы.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1050    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 14:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30