Құқығыңды білесің бе?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба

ҚР Президентінің Жолдауының бесінші басымдығына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті дамыту біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Сондықтан қазіргі  істелініп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күрес, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобилді тобы жұмыс істейді. Олар жақында Бостандық аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында «Есіктен есікке», «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жобаларды жүзеге асыру мен жұртшылықтың көкейтесті мәселелері бойынша қоғамдық қабылдаулар жүргізді.


Бүгінгі таңда Агенттік көптеген жобаларды іске асыруда. Оның бірі «Есіктен есікке», «Парасыз болашаққа!Бірге!» атты жобалар қазір өз жұмыстарын өте сапалы өткізіп жатыр. Есіктен есікке жобасы шеңберінде тұрғындарға апарылатын барлық түбіртектерге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатымен жасалған брошюлар қоса апарылады. Ал «Парасыз болашаққа!Бірге!» жобасы шеңберінде мобильді топ құрылды. Бұл топтың мақсаты: тұрғындарға сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша толық ақпарат ұсынып, азаматтарды қабылдауды жүргізу, сонымен бірге тұрғындарды толық ақпараттандыру. Бұндай шара арқылы халықтың сауаты ашылады, ал халық сауатты болса сыбайлас жемқорлықта азая түсері сөзсіз. 


Қоғамдық қабылдаудың негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және де азаматтарды толғандыратын аса маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді айқындап шешу.


Сондай-ақ қоғамдық қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, айтылған ұсыныстар назарға алынып, белгіленген заңнамаларға сәйкес толық түсініктеме беріледі.


Бұл қабылдауда жұмысқа орналасу, еңбек даулары, жер телімі, баспанаға кезекке тұру, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі сұрақтарға мобилді топ тарапынан түсініктемелер берілді.


Мобилді топ тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мәдениетті қалыптастыру тақырыптарындағы 350 жадынама тұрғындарға таратылды.


Таңат Жайлауов




Көрілген: 2398    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.09.2017, 16:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30