Құқығыңды білесің бе?

Сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері тақырыбында дөңгелек үстел өтті

  • Сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері тақырыбында дөңгелек үстел өтті

    Сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жақында Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен заңгер ғалымдар қатысты.


Жиында мемлекеттік қызмет көрсетудің құқықтық мәселелерін реттеу, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу сияқты келелі мәселелер талқыға салынды.


Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында ұйымдастырған бұл дөңгелек үстел, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша өтті.


«Керемет» Жастар ресурстық орталығы бұндай шараларды жиі өткізіп тұрады. Жастар ресурстық орталығы туралы айта кетсек ол «Аl-Farabi university smart city» «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – студенттерге арналған жастар ресурстық орталығы. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі университет қабырғасында құрылған баламасы жоқ алғашқы бірыңғай ресурстық орталық университет ректоры М.Ғ. Мұтановтың бастамасымен шаңырақ көтерген. 


Орталықты құру идеясы шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды да, ақылды қала қалыптастыру туралы барлық тұрғындардың шынайы бақытқа қол жеткізуге ұмтылуы, әділетсіздік пен зұлымдықты айыптап, ізгілік пен әділдіктің басым болу іліміне негізделген.


Орталықтың инфрақұрылымы 7300 шаршы метр аумақты алып жатқан 8 павильоннан тұрады және келушілерге өнімділігі жоғары автоматтандырылған жүйе ретінде білім беру, медициналық, құқықтық, қаржылық, мәдени және ойын-сауық қызметтерін ұсынады.



М.Ғ. Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың дамуына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қосымша серпін берді. Оны орындау ба- рысында 60 заң қабылданды, негізінен олардың ережелері сы- байлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған. Бұл ретте, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заңдарды атап өтуге болады. Сарапшылардың пікірінше, өкілеттігін асыра пайдалану көбіне мемлекеттік сатып алу салаында көптеп кездеседі. Жаңа заңның қабылдануы нәтижесінде, конкурсқа қатысу тәртібі жеңілдетілді, кезеңдердің саны екеуден біреуге азайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғатын бір көзден сатып алуды өткізу мүмкіндігі шектелді. Жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негізін айқындайтын негізгі акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылды. Онда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, тәуекелдерін талдау, мәдениетті қалыптастыру секілді алдын алу институттары көрініс тапты. Жоғарыда аталған Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл субъектілеріне ерекше мән беріліп, олардың құзырет шеңбері кеңейтілді. Сонымен бірге жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзге де заңды тұлғалардың өкілеттіктері бекітіліп, бұл өз кезегінде аталған іс-шараға жап-пай қатысуды қамтамасыз етті. Міне осының бәрі сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдерінің жетіле түсуіне ықпал етті».

Ал «Азаматтық бақылау» – Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған тың жобаның бірі. Оны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар да белсене қатысуда.


Таңат Жайлауов




Көрілген: 1413    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 25.09.2017, 14:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30