Құқығыңды білесің бе?

Тергеу судьясы өкілеттілігінің кеңейюі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету кепілі

  • Тергеу судьясы өкілеттілігінің кеңейюі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету кепілі

    Тергеу судьясы өкілеттілігінің кеңейюі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету кепілі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге бағытталған бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп бергені баршаға мәлім.

Аталған Ұлт жоспарында адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіліктің біртіндеп тергеу судьясына берілуі арқылы сотта айыптау тарапы мен қорғау тарапының арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетілген.

Бұл мәселенің маңыздылығы туралы, яғни қылмыстық процесте айыптау тарапы мен қорғау тарапының арасындағы жарыспалылық қағидасын бұдан әрі дамыту жөнінде Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасында да айтылған болатын. Әрине қылмыстық процесте бұндай теңгерімді іске асыруға айыптау тарапына да қорғаушы тарапқа қатысы жоқ, қайсыбірінің жағын жақтамайтын, ешқайсысына да тәуелді емес, тек заңның мүддесін қорғайтын процессуальдық дербес тұлға - тергеу судьясының қызметі ықпал етеді.

Қазақстанда 2008 жылы «қамауда ұстау» және «үй қамақта ұстау» түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялауды прокуратура құзырынан алып соттарға беру сот өндірісінің жаңа моделін енгізудің бастамасы еді, ұлттық заңнаманы жетілдіруге, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған озық қадам болатын.

Ал 2015 жылдан бастап елімізде қылмыстық сот өндірісіне тергеу судьясы институтының енгізілуі Қазақстанның іс бойынша тараптардың теңдігі және жарыспалылығының неғұрлым толық іске асырылуын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының пәрменді қорғалуын қамтамасыз етуде жалпықабылданған халықаралық стандарттарға бейілділігінің куәсі.

Сотқа дейінгі өндірісте соттың бақылауын кеңейту және қылмыстық процесте жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының тиісті кепілдіктерін құру тергеу судьясының қатысуынсыз мүмкін емес. Бұған дейін түрлі тергеу әрекеттеріне санкция беру прокурордың, яғни айыптау тарапының құзырында болған еді.

Тергеу судьясының мақсаты өзіне қылмыстық қудалау функциясын қабылдамай соттың бақылауын жүргізуді жүзеге асыру. Тергеу судьясы қылмыстық процестегі тараптардың мүмкіндіктерінің теңдігін, жеке адамның конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын, негізсіз айыптаудан және сотталудан, адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелуінен қорғауды қамтамасыз ететін процессуальдық дербес тұлға. Ол тек заңның мүддесін қолдайды.

Оның құзырына «күзетпен ұстау», «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру және күзетпен ұстау мерзімдерін ұзарту, сот психолого-психиатриялық сараптама өткізу үшін адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп жатқызу, мәйітті эксгумациялау, мүлікке тоқтам салу, халықаралық іздеу жариялау, кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру кіреді.

Кейбір тергеу әрекеттеріне санкция беруден басқа тергеу судьясы сотқа дейінгі өндіріс кезінде тараптардың шағымдары мен өтініштерін қарайды.

Айыпталушының бұлтартпау шарасына санкция беру тергеу судьясымен ашық сот мәжілісінде, айыптау және қорғау тараптарының қатысуымен қаралады. Бұндай процесте тараптардың жарыспалылық қағидаты неғұрлым толық іске асырылады және сотқа дейінгі өндірісте тараптың бірі - адвокаттың ролі арта түседі. Ашықтық және тараптардың жарыспалылығы процеске қатысушылар құқығының тиімді қорғалуына себепкер болады және азаматтардың құқығының сақталуына қосымша кепілдік береді.

ҚР-сы ҚПК-нің 148 бабының 8 бөлігіне сай тергеу судьясының құзырына күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялаумен қатар кепіл мөлшерін де айқындау кіреді. Кепіл кішігірім, орта және ауыр қылмыстар бойынша қарастырылған. Кепілді бұлтартпау шаралардың неғұрлым қатаң түрлеріне балама ретінде кеңінен қолдануға алғышарттар жасалған.

Бұдан басқа, егер қылмыстық қудалау органы сараптама тағайындау туралы өтінішті негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, бұндай өтінішті қарау да тергеу судьясының өкілеттілігіне жатады.

Сонымен қатар, мүлікке тоқтам салуға санкция беруді тергеу судьясының қарауы да қылмыстық сот өндірісіне тартылған тұлғалардың құқығын сақтауға бағытталған. Сот тәжірибесі көрсеткендей бұған дейін қылмыстық қудалау органы нақты мүліктің қылмысқа қатыстылығын анықтамай-ақ тоқтам салған фактілері орын алған жағдайлар болды. Осы мәселенің қаралуы тергеу судьясының өкілеттілігіне берілгелі тараптар сот мәжілісінде мүлікке тоқтам салуға байланысты өз уәждерінің дәлелін ұсынуға мүмкіндік алды. Тергеу судьясы бұл әрекеттің заңдылығын дәлелдейтін негіздерді, мүлікке тоқтам салуға байланысты мүдделері қозғалатын тараптардың және үшінші жақтың құқықтарының сақталуын зерттеп барып шешім қабылдайды.

Сондай-ақ, тергеу судьясының жәбірленушінің және куәнің жауаптарын сақтап қою түріндегі процессуалдық әрекетінің маңыздылығын айта кеткен жөн. Мысалы белгілі бір адамнан сот мәжілісінде жауап алу мүмкін болмаған жағдайда, оның шетелде тұруына немесе ел аймағынан шығып кетуіне байланысты, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда, ол адамның тергеу судьясына берген жауаптары қолданылады, яғни істі сотта қарау барысында сол адамның жауаптары жария етіледі және дәлелдеме ретінде қабылданады. Бұндай жауап алу әдісі ауыр науқас адамдарға және жас балаларға не жасөспірімдерге қатысты да қолданылуы мүмкін.

Айғақтарды сақтап қою кезінде, ҚР-сы ҚПК-тің 217 бабының 3 бөлігіне сәйкес, тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, күдіктінің, оның адвокатының, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбiрленушiнiң, куәнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, айғақты сақтап қою күдiктiнiң қатысуынсыз да жүргізілуі мүмкін.

Сотқа дейінгі өндірісте процессуалдық мәселелелерді қарау және шешу бойынша тергеу судьясының қызметі айыптау және қорғау тараптарына тең мүмкіндік береді, сот мәжілісінде тараптардың жарыспалылығы барысында белгілі болған сот дәлелдемелерінің растығының кепілі.

2016 жылдан бастап тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейтілді, ол сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қарап-тексеруді, тінтуді, алуды және жеке тінтуді санкциялау мәлеселерін де қарап, шешім қабылдайды. Бұның өзі азаматтардың құқығын шектейтін тергеу әрекеттеріне, заң бұзушылыққа жол бермеуге ықпал етеді.

Тергеу судьясының өкілеттілігін кеңейту Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың заңның үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың бір бағыты.


Г.АЖИГАЛИЕВА,

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы


 




 




Көрілген: 1142    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 16:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30