Тұлға

Елбасының курстастары қызықты әңгімелер айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің курстастары дара тұлға туралы көп естеліктер айтады. Тіпті «Нағыз көшбасшы және күш беруші» атты мақала авторы Қайрат Исламқұловтың айтуынша, шығарманы оқыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен, шындығында, осындай болдым ба?» деп сұрапты одан.

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың курстастары Оңтүстік Қазақстан мем­ле­кеттік педагогикалық институтының студент­тері және ұстаздарымен кездесті. Кез­десуде ескі достар жастарға Елбасы ту­ралы қызықты әңгімелер айтты. «Кемеңгер Елбасы — қазақтың мақтанышы» атты кез­десу­де Президент өмірінен сыр шертетін ар­найы видеоролик те көпшілік назарына ұсы­нылды. Бұған қоса, шара барысында Мем­лекет басшысының соңғы еңбектері жа­зылған кітап көрмесі де арнайы қойыл­ды.   

Қайрат ИCЛАМҚҰЛОВ, Елбасының курстасы:     

– Нұрсұлтан Әбішұлы жалған сөйлеу мен алаяқтықты жаны сүймейтін. Тіпті ондайлардың қасында жүрмейді. Президентіміздің мінезі биязы, әрдайым ашық, адал, мейірбан жандармен достаса­ды. Қазақ және украин жастарының баста­рын біріктіретін қызықты кештер ұйымдас­ты­ратын. Өзінің іс-әрекетімен өзгелерді спортпен, көркемдік шығармашылықпен ай­налысуына жетелейтін еді. Соларға ғана ашы­лып сырын айтады. Ең бастысы, Нұр­сұлтан Назарбаев елдің ертеңі үшін еңбек етіп жатыр. Көзіміздің алдында Қазақ елін адам айтқысыз жетістіктерге жеткізді. Мұн­дай ерлік кез келгеннің қолынан келе бер­мей­ді. Елбасымызды бағалайық дегім ке­леді.     


Иә, 50-жылдары Н.Назарбаевпен бір­ге өткен студенттік жылдар туралы курс­тастар қызықты естеліктер айтты. Кезін­де Қайрат Исламқұлов, Марат Қыс­таубаев, Тельман Спаев Украинада Нұр­сұл­тан Назарбаевпен бірге оқып, қиын қыс­тау күндерде бір жатақханада тұрып, кей­де бір нанды бөлісіп жегендерін аңыз етіп әңгімеледі. Әрі олар қазіргі Ұлт көш­бас­шысының сол кездегідей қарапайым қалпында қалғанын айтады. Басқосу аясында студенттер Президенттің бұрын-соңды білмейтін қасиеттеріне қанықты.            

Салтанатты жиынның соңында студент жастар қонақтарға сұрақ қойды. Әрі ЖОО-ның мұрайжайына қойылған Елбасының 200-ге жуық туындысын тамашалап, рухани байып қайтты.




Көрілген: 3497    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2013, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек 2013
    КЕРБҰҒЫ
    11 Қыркүйек 2013
    Абай елінің әкімі (эссе)
    28 Маусым 2013
    Анапаның «ақсақалы»
    30 Қараша 2012
    Қазыналы қайраткер
    24 Желтоқсан 2011
    Сертіне берік жан еді...
    24 Желтоқсан 2011
    Әнге айналған өлеңдер
    24 Желтоқсан 2010
    Шоқан шындығы неде?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31