Тұлға

Фәни мен бақи есігі

  • Фәни мен бақи есігі

    Фәни мен бақи есігі

(Бақытжан Момышұлына құлпытас орнатылды)

Бақытжан Момышұлы – қазақ руханиятында өзіндік орны бар дара тұлға. Айбынды Алаш жұрты оны асылдың сынығы деп қана емес, әдебиетке үлес қосқан қаламгер ретінде бағалай­ды. Әдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырған Бақытжан Момышұлы­ның шығармалары ұлт руханиятына қосылған асыл қазыналар қатарында. Ел тарапынан еңбегіне лайық құрмет көрген асыл азамат ортамызда жүргенінде 72 жасқа толар еді. Марқұмның туған күніне орай «Кеңсайдағы» зиратына құлпытас орнатылды.

Бақытжан Момышұлын еске алып, құ­ран бағыш­тауға Қазақстанның Халық жазу­шысы Шерхан Мұр­таза бастаған қа­лам­герлер қауымы мен ғалымдар, мар­құм­ның туыстары мен дос-жарандары жи­нал­ды. Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты­ның оқушылары Бақытжан Момышұлының рухына тағзым етті.

Қазақстанның Ардагерлер қауымдас­ты­ғы төра­ға­сының орынбасары Әділ Не­сіп­баев Бақытжан Мо­мышұлының азамат­тық қыры мен әдебиеттегі орны жөнінде кеңі­нен толғап, әсерлі әңгімеледі. Құран ба­ғышталғаннан кейінгі сөзді Бақытжан Мо­мышұлының жары, жазушы Зейнеп Ах­ме­това алып, жиылған жұрт­шылыққа рақ­мет айтып, марқұмның аманатын жеткізді.

Зейнеп Ахметова: Бәкең бірде: «Біз әкем­нің ама­натын орындай алмадық» деді. Кезінде Бауыржан атамыз өзінің бейі­тінің жобасын сызып, көрсетіп кеткен. Ол сызбада ешқандай ескерткіш тақта да, су­рет те көр­сетілмеген. Тек қана төрт бұры­шын­да қара­ғаш, аты-жөні қойылған тас қо­йылып, гүл егілген. Кейін қайтыс бол­ға­нында біз оны айтқанымызбен, Кәкімжан Қазы­баев аға­мыз «Ол кісі халықтың адамы болғандықтан, биік ескерткіш қоюымыз керек», – деді. Содан комиссия құрылып, атаның ескерт­кішін бастан-аяқ өкімет қойып шықты. Осы әңгіме сөз болған кезде Бәкең өзіне құлпытас ұнайтынын айтып еді. Ол да әкесі сияқты мүсінін салып, ес­керт­кіш орнату дегенді ұнат­пайтын. Сол үшін отбасымызбен ақыл­да­са келе, құл­пытас қойып, оны бұл фәниден бақилыққа өтетін есік тәріздес етіп жасап, атамыздың оюымен көмкеруді ұйғардық.




Көрілген: 2238    Пікірлер: 0

сенбі, 05.10.2013, 13:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек 2013
    КЕРБҰҒЫ
    11 Қыркүйек 2013
    Абай елінің әкімі (эссе)
    28 Маусым 2013
    Анапаның «ақсақалы»
    30 Қараша 2012
    Қазыналы қайраткер
    24 Желтоқсан 2011
    Сертіне берік жан еді...
    24 Желтоқсан 2011
    Әнге айналған өлеңдер
    24 Желтоқсан 2010
    Шоқан шындығы неде?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31