Металлургтен Мемлекет басшысына дейін

Металлургтен Мемлекет басшысына дейін

55 жыл бұрын арасында Қазақстан Республикасының болашақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар, металлург-жұмысшы мамандығын игеруге Украинаға келген қазақ балалар тобының еңбек өмірбаяны басталды. Құрбы-құрдастары арасында өзінің тәуелсіздігімен, мінез-құлқының тұрақтылығымен және ойының ұшқырлығымен ерекшеленген жасөспірім Нұрсұлтанның бойында озат болуға талпыныс сол кездің өзінде-ақ көріне бастаған еді.
Қазақстандықтардың – Днепродзержинск техникалық училищені бітірушілердің бәрі бірдей металлургтар болған жоқ. Кейбіреулері кейінірек басқа мамандыққа бейімділік танытты. Көпшілігі үшін алған мамандығы өмірінің бүкіл ісін айқындады. Ең бастысы – «от жалынды» мамандық олардың мінез-құлқын шынықтырды, өмірлік бағытын айқындаудың берік іргетасы болды, белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге, күш-жігерге, табандылыққа тәрбиеледі. Олар тәуелсіз Қазақстанның дамуына, Дүниежүзілік қауымдастыққа үлкен сеніммен енген елдің жетістікке жетуіне айтарлықтай үлес қосты.

1958 жылдың жазында Днеп­ро­дзер­жинск қаласына таулы да далалы ауыл­дар­да өскен бір топ қазақ жастары келді. Олардың алдында Днепров металлургия зауытында горновой, кран машинисі және металл пісіруші мамандықтарын игеру мақ­саты тұрды.
Ол кезде Қазақстанда елдегі тұрғы­зы­лып жатқан ірі металлургиялық ком­би­нат­тардың бірі – жаңа қала Теміртау барған сайын әйгілі бола бастады. Оған бірден-ақ Қазақстан магниткасы деген атау берілді. Ол үшін өзінің ұлттық кадрларының болуы талап етілді. Қазақстан Үкіметі Кеңес Ода­ғын­да кадрлар ұстаханасы ретінде таныл­ған, құрылымында техникалық учи­ли­ще жұмыс істеген Днепров металлургия зауы­тына 67 жас жігітті оқуға жіберуге шешім қабылдады.
1958 жылы Днепров металлургия зауы­ты осы сала бойынша басты кәсіп­орын­дардың бірі болды. Мұнда елімізде тұңғыш рет кислородты қолдану мен дом­на пештерінің жұмыс істеуі игерілген бола­тын. Домнашылар пештерге жаңа құры­лым­ды көміп тастау аппаратын орнатты. Прокатшылар жеңілдетілген түрдің жаңа профильдерін өндіруді игерді, сорттайтын стандарға айналма аппараттар орнатылды.
Жалпы алғанда, қазақстандық үкімет­і өзінің металлург кадрларын даярлау үшін Днепров металлургия зауытын таң­дауы, тіпті де кездейсоқ емес.
Днепродзержинскіде Қазақстаннан келген жастарды жылы шыраймен қарсы алды. Техникалық училище көп қабатты ғимаратқа орналасқан, сатылары кең, бөл­мелері үлкен, жарық және кабинеттері жақсы жабдықталған.
Училище басшылығы жас жігіттердің болашақ мамандығын анықтауда: «Мықты дом­нашылар тобына жарамды болу керек» деген талап қойды. Бұл топқа жан-жақты шыныққан, даярлығы барлар ғана ірік­теп алынды. Көріктегі еңбек қазірдің өзін­де жеңіл жұмыс қатарынан санал­май­ды, ал ол кезде ол барынша күшті, төзімді, жүйке жүйесі мықты адамдарға тиесілі үлес болды.
Жатақханада, осында оқу корпусының үшінші қабатында төсегі бар, кереуеттердің түп-түзу қатары тұрды. Үлкен ағаш кес­пектерде – гүлдер. Асханадан борщ пен бәліш­тің дәмді иісі шығады. Оқушылардың өмірі нақты ырғаққа бағынды: ерте ояну, сапқа тұру, кезекшілік атқару ... қатаң тәртіп. Кең сынып бөлмелерінде ер бала­лар, жалпы, білімнің және арнаулы пән­дер­дің мәнін түйсінді, домнаның жайын, оның құрылымын, жұмыс істеу барысын, балқыту тәсілін, шойын және қалдық лет­ка­ларына (өңештерге) күтім жасау, құю ауласында жұмысты, механизмдермен ат­қа­рылатын жұмысты ұйымдастыру ере­же­сін оқып үйренді. Қатаң заңдар үстемдік еткен жұмысшы ортасы қалада да, зауытта да адам­дарды тәрбиеледі. Қазақ­стан­дық­тар тобындағы кезекшілер кезекпен таңғы төртте тұрды және бірден еден жуатын құралды (швабраны) қолына алды. Содан соң жаппай тұру сағат алтыда. Зауыт гу­догы ұйқышылдардың ыңғайына көн­бейтін. Учи­лищенің қатаң күн тәртібі ақырында Қазақ­станнан оқуға келгендер үшін ыңғайлы рөл атқарды.
Училищеде әрқашан жастар тәлім­гер­леріне көп көңіл аударды. Әдетте, өнді­ріс­тік оқу шеберлеріне талантты тәр­бие­ші­лер­ді, жақсы өндірістік мектептен өткен адам­дарды қабылдап отырды. Жастардың тәрбиесі және кәсіби оқуы үшін шебердің берері өте көп. Олар үшін ол – туған әке, үл­кен жолдас, педагог, ақылшы. Кімнің өмірге қандай жүкпен баруы тек соған байланысты екені жиі кездеседі. Біздің жігіттер үшін ақылшылар оңынан келді. Олар­дың шебері – Погорелов Дмитрий Изо­тович, метал­лургиялық алыпқа келмес, бірақ бұрын ұзақ уақыт және ешқашан жеңілдігі жоқ жұмысшы университеттерінен өткен жан еді.
Туған үйінен, жақындары мен дос­та­рынан қол үзген Қазақстаннан келген оқу­шы­лар еріксізден өзінің тәлімгеріне жақындай түсті. Онымен өзінің туған әке­сіндей ашық сөйлесетін болды. Біреуінде оқу жайы сәтсіз, енді біреуі тойып тамақ ішпейді, қайсы бірі ұйқысынан ояна алмай сабақтарға кешігеді немесе көп уақытқа дейін Қазақстаннан хат-хабар алмайды. Бәрі Дмитрий Изотовичке жүгіреді. Ол олардың әрқайсысына көңілін жұбатар сөздер табады.
Шебер оқушыларды зауытқа бірінші рет баруға жан-жақты даярлағанымен, бәрібір түгелдей ойластыра алмады.
Негізінен, ауылды жерде өскен қазақ балалары өздеріне қарсы заулап келе жатқан паравоздардан жан-жаққа қаша­ды, алау атқан домналық және мартен пеш­­терінен тайсақтайды, прокат стан­да­ры­­ның гүрсілінен құлақтарын жауып алады.
Бір күні Дмитрий Изотовичке бірнеше бала жүгіріп келіп, өздерін үйге қайтаруға өтінген.
Арада бірнеше күн өтіп, бәрі де сәл тынышталған кезде шебер тәрбие­ле­ну­ші­лер­мен, басқаша айтқанда, ер адамдарша, жақын жандардай сөйлесті.
Сөздері барынша қарапайым еді, бірақ өте мәнді де түсінікті болды. Дзер­жин­скі­дегі жұмысшылар әулеті туралы, соғыс кезін­де Оралға қоныс аударған, зауытта соғыс кезінде соғысқа кеткен ерлерін, ағаларын, балаларын ауыстырған аналар, әйелдер, қыздар туралы айтып берді. «Ең бастысы – деп атап көрсетті шебер – металлмен жұмыс қазақты, орысты, украин­ды бірдей шынықтырады. Олай болса, Қазақстандағы туыстар, жақындар олар­дың балалары қорқақтық жасап, үйлеріне қашып кетті дегенді естіп-білсе не айтар еді?» Бұл әңгіме оларға қатты әсер етті. Жігіттер төзімділік танытты, шы­да­ды. Ешкім де училищені тастап кетпеді.
Бұдан кейін де оқушылар шебердің төңірегіне бұрынғыдан да топтала түсті.
Дмитрий Изотович қазақ балаларын жан-жақты танып білді. Олардың бойында жергілікті балалармен де ұқсастықтар, ерекшеліктер болды. Жалпы, бала қайда болса да бала ғой.
Ол балаларды жақынындай жақсы білді, олардың әрқайсысына дәл мінез­деме бере алды. Шебер алғашқы күн­дерден-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты бөліп алды. Салмақты, ойшыл, батыл, ынталы. Сабақты кілең беске оқиды. Көрікте ең ауыр жұмыстан жиренбеді, күреспен шұғыл­­данды, бірінші разряд мөлшерін орын­дады, жолдастарының алдында беделі бар, әділ, әлсіздерді қорғауға бірінші болып келуге даяр. Оны оқы­ту­шылар, шеберлер, жұмысшы-метал­лург­тер шынайылықпен жақсы көрді.
Бірде сыныпта оқушылардың кім болғысы келетіні жайында әңгіме болды. Ер балалар шеберді қоршап алды:
– Дмитрий Изотович, өтінеміз айты­ңыз­шы, біздің қайсымыз кім боламыз?
Былай қарағанда әзіл сияқты көрін­ге­ні­мен, олар шын мәнінде салиқалы жауап­тар күтуде.
Шебер оқушыларға тура қарап алды да, саусағымен көрсетіп, әңгімесін бастады...
– Сен, жігітім, инженер, ал сен цех бас­тығы боласың, ал саған (ол Нұрсұлтан Назарбаевқа қарай сөйлеп) премьер-министр болудың реті бар.
Отыз жыл өткенде, «Әділеттің ақ жолы» деген кітабында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті былай деп жазды: «Жас кезіміздегі достарымызбен кездескенде, біз Дмитрий Изотовичтің айтқандарының бәрі қалай дәл орындалғанын таңдана айтудан жалықпаймыз».
Училищеде қазақстандық балалар түгелдей спортпен шұғылданды. Мұнда да жас Нұрсұлтан үлгі көрсетті. Дзержинка спорт клубының залында әдеттегідей күресу­­шілердің жаттығуы өтіп жатты. Жат­тық­тырушы Лев Рудольфовичке тығыршық денелі жас жігіт жақын келіп сұрады:
– Маған сіздің тобыңызда шұғыл­да­нуыма бола ма?
– Сен қайдан келдің?
– Техникалық училищеден, көрікшінің көмек­шісі болуды үйреніп жүрмін.
– Күреспен шұғылданып көріп пе едің?
– Үйде, Қазақстанда шұғылданғаным бар. Әкем үйретті.
– Киіміңді ауыстыр – деді жаттық­ты­рушы.
Содан кейін күрескерлер тобына қара­ды да Николай Литошконы өзіне шақырды.
– Коля, бізге жаңадан спортпен шұғыл­данушы келді. Сонымен, күресіп көрші.
Литошко жаңадан келген жас жігітке мейірбандылықпен қарады, палуандық тұрыста болды, ол бір секундтан кейін классикалық шалудың нәтижесінде кілем үстіне құлап түсті.
Бір сәт зал ішінде тыныштық орнады, содан соң палуандар шалу шеберлігін талқы­лаумен шуылдасып кетті. Ештеңе түсінбеген Литошко, мең-зең болған күйде кілемнің үстінде отырды.
Жаттықтырушы жаңадан келген баланы мадақтап, оның сыннан табысты өткенін және спорт секциясына қабылданғанын айтты.
«Қарттар» тарапынан қуанышпен қа­был­данған жаңа келген жас, көп ұзамай жаттығу режиміне төселіп алды. Ол кілем үстінде бәрінен де салмақты, төзімді болатын.
Жаттығудан бірде-бір рет қалған жоқ, кешік­кен жоқ, жаттықтырушыдан ескерту де алған жоқ. Әлдеқалай Лев Рудольфович палуандарға осы не басқа бір тәсілді жасап үйрету тапсыратын болса, жаттықтырушы: «Жеткілікті!» дегенді айтқан­ша Нұрсұлтан оны қара терге түсумен жасайды.
Жаңадан келуші ақыл-кеңестің бәрін бірден қабылдап отырды. Әрине, ұлттық қазақ күресінің тәсілдерін білу Нұрсұлтанға үлкен демеу болды. Сырттан қарағанда салмақты көрінетін ол белдесуге келгенде өзгеріп кетеді. Қарсыласы кірпігін қағуға үлгірмей, кілемде сұлап жатады.
Нұрсұлтан көптеген қалалық, облыс­тық, бүкілодақтық жарыстарға қатысты. Оқуды бітірер алдында спорт шебері нормасын орындады.
Бұл табыстарда жаттықтырушының үлкен еңбек сіңіргені сөзсіз. Тамаша палуан болған Лев Рудольфович өзінің оқу­шы­ларын төзімділікпен тәрбиелей білді. Оның қамқорлығында болғандар да оған осындай қайтарым көрсетті. Оны құрме­т­теп қана қойған жоқ, оны досындай және үлкен жолдасындай көрді.
Училищедегі балалардың бәрін бел­сен­ді өмірлік бағыт, күрделі маман­дықты игеруге құштарлық, шынайы ер адамдар достығы біріктірді.
Қазақ жігіттерінің училищедегі оқу уақыты босқа кеткен жоқ. Олар есейді, ер­жетті, бәріне де біртіндеп көндікті. Оларға деген домна цехындағы қарым-қатынас жақсы жағына қарай өзгерді. Олар енді механизмдердің гүрсілінен қашпайтын, оттан және металлдан да қорықпайтын болды.
Қазақстаннан келген оқушылар күніне төрт сағат металлургия зауытында өнді­ріс­тік тәжірибеден өтті.
Бірде олар құю ауласында жыраны тасып әкетуге, яғни науаны босатуға тап­сыр­ма алады. Ауыр шойын ұшқындары ыстық болды, түтіндеп жатты. Түтіннен тамақ жыбырлайды.
Ол кезде Нұрсұлтан староста болған еді, басқаларға өзі бірінші болып үлгі көрсетумен жыраға қарай батыл қадам басты. Бұл күрделі жұмыста дұрыс бағдар ұстай білді және жолдастарын соңына ертіп алды. Көрікшілердің қандай да бол­масын қол асты операцияларды бел­гі­легенде бірінші Назарбаевқа айтатыны жайдан-жай емес. Олар оның істі аяқсыз қалдырмайтынын білетін.
Жігіттер оқу және өндірістік тәжірибе уа­қытында көп нәрсеге үйренді. Домна пеші қорқытуды қойды және беймәлім әлем болудан қалды. Олар енді фурманың көзіне қарап, пеште не болып жатқанын айқындайтын, қоқыстың түріне қарап оның негізін, шойынның түрі бойынша оның сапасын, күкірттің мазмұнын айқын­дай алатын болды.
– Иә, шынында да, ешқандай жоғары оқу орны менің бір жарым жыл ішінде Днепродзержинск училищесінде алған білімімді бере алмас еді. Қалай дегенде де кейін мен институтта металлургия ғылым­дарын оқып үйренетін кезімде маған бәрі де таныс әрі түсінікті болатын. Ал бұған практика жүзінде алған дағдыларымды қосатын болсақ, бәрі де өзінен-өзі түсінікті болып шығатын, – деп жазады өзінің естелігінде.
Көптеген жігіттердің бойында қоғам­дық қызметке деген талпыныс осы тех­никалық училищеде пайда болған. Бірде училищеде комсомол комитетінің есігін біреу қатты тоқылдатты, содан соң есіктен қара торы, денесі тығыршықтай жас жігіт ішке кіруге рұқсат сұрады.
Ол ұқыпты, қарапайым, дұрыс киінген. Оның галстугы костюміне лайық, ал аяғын­дағы туфлиі жып-жылтыр етіп таза­лан­ған.
Комсомол комитетінің хатшысы Людмила Калашниктің ойына еріксіз «бұл келген тексеруші емес пе екен?» деген ой сап ете түсті. Алайда осы сәтте жас жігіт өзін таныстырды.
– Нұрсұлтан Назарбаев – интер­на­цио­нал тобынан. Комсомол комитетінің жұ­мысына қатысқым келіп еді.
Кезі жеткенде Нұрсұлтан училище ком­сомол комитетінің белсенді мүше­лерінің бірі болды. Оның кішіпейілділігі, сыпайы­лығы, бәріне де көмек беруге деген ықы­ласы оқуға ұмтылған жолдастарын өзіне тарт­ты. Ол дөрекілік мінезге төзбейтін және одан қыздарды да қорғай білетіндіктен, қыз­дарға ерекше ұнайтын. Ал оның есер­соқ­тармен ұзақ әңгімелесуі көп жандарды таңғалдыратын. Комсомол коми­тетінің мүшесі, саяси-көпшілік жұмы­сына жауапты Нұрсұлтан Назарбаевтың олар­мен не туралы әңгімелескенін бол­жауға, ал оның шыдамдылығына қызығуға болады.
Уақыт өте берді, бұрынғы кержа­л­қау­лардың ішінен көпшілігі жіпке тізілгендей Нұрсұлтанның соңынан қалмай, оның тапсырмасын ынтамен орындайтын болды. Назарбаевтың сендіре білу әдісі, оның жеке басының үлгісі күшті әсер етті.
Жастар Нұрсұлтанды құдайдай көрді, оқытушы-мұғалімдер ерекше сыйлады. Бұл жайында ешкім де өз ойын сыртқа шығарған жоқ, бірақ мұғалімдер мен әріптес жолдастары Назарбаевты нағыз басшы деп таныды.
Әрине, Днепродзержинск техникалық училищесін бітіргендердің ішінен бәрі бірдей металлург болып шыққан жоқ. Біреулері училищеден кейін бірден, кей­бі­реулері араға уақыт салып өзінің қыз­метін тапты. Көпшілігі алған мамандығын бүкіл өмірінің қажетіне жаратты. Алайда, ең бас­тысы, ерекше қуантарлығы – «от-жалын» мамандығы олардың мінез-құл­қын қалып­тас­тырды, өмірлік бағытты ай­қын­даудың берік іргетасы болды, ерік-жігерге, бел­гіленген мақсаттарға же­ту­ге, табандылыққа тәрбиеледі. Тіпті учили­щенің бұрынғы түле­гі Қазақстан Рес­пуб­­ликасының қазіргі Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің барлық есте­ліктерінде Украинадағы оқу жылдары туралы, өзінің жұмысшы уни­вер­ситеттері туралы, бастапқы кезде мінез-құлқының қалыптасуына көмек­тес­кен сол бір ахуал туралы мақтанышпен және үлкен алғыс сезімін білдіре еске алуы – кез­дейсоқ емес.
Қазақстан магниткасында Нұрсұлтан Назарбаев тез арада көрнекті тұлға болды, ірі қоғам қайраткеріне дейін өсті. Мұнда ол көп іс тындырып, көпке қол жеткізді. Мұнда ол ірі мәселелерді мақсаткерлікпен шеше білді. Комбинат архивінде қызықты құжаттар сақтаулы.
Міне, домна цехының газовщигі Нұр­сұлтан Назарбаев туралы пікір:
«1962 жылы Қазақстан комсомолы съезінің делегаты болды. БЛКЖО ХІV съезінің жұмысына қатысты. Хельсинки қаласында VІІІ Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне қатысты. Цех пен заводта комсомолецтер, жұмысшы ұжымы арасында үлкен қоғамдық жұмыс атқа­рды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төр­ал­қасының Құрмет грамотасымен мара­пат­талған».
Тағы бір ұқсас пікір: «Ол – ықыласты, қарапайым және, әлбетте, талапшыл адам. Ол – әділетсіздік пен бюрократизмнің жауы. Н.Ә.Назарбаев туралы көп жаз­бай­мын. Бір-ақ сөз айтамын, ол – тамаша адам». Домна цехының горновойы Петр Граськов. 27.05.1969ж.».
Қалалық партия комитетінің екінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев туралы пікір:
«1971 жылы сумен жабдықтау цехы күрт дамыды, бұл конвертерді №3 ДП және 1700 станын іске қосуға өте қажет еді. Маған Н.Ә.Назарбаевпен бірге цех объектілерінің құрылысы бойынша мәсе­ле­лерді жиі шешуге тура келді. Н.Ә.Назарбаевтың іскерлік, барлық мәселелер бойынша парасаттылығы, шын­шылдығы біздерді – пайда­ланушыларды, құрылысшылар мен монтажшыларды оған құрметпен қарауға, оның тапсырмаларын уақытылы орындауға мәжбүр етті. А.Поно­марев, сумен жабдықтау цехының бас­тығы».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы пікірлерден жекелеген жолдар:
«Сендіре білетін сирек қасиетке ие».
«Кез келген адамды ашық әңгімеге шақыра алады».
«Ол адалдық, орындаушылық, ынта, тапсырылған іске жоғары жауапкершілік сезімі, принциптілік қасиеттерімен ерек­шеленеді».
Мінездемеден:
«Н.Ә.Назарбаев жолдас қаланың өнеркәсіп орындары мен құрылыстарында, жастар арасында жиі болады. Адамдардың мүдделері мен мұқтаждарын біледі».
«Н.Ә.Назарбаевтың жақсы қасиеттері еңбексүйгіштік, орындаушылық, қарым-қатынастағы қарапайымдылық болып табылады».
Металлургия ардагері, Метал­лург­тердің халықаралық одағының мүшесі Н.П.Канищевтің күнделігіндегі жазулар қызықты, онда Днепродзержинск учили­щесінің түлектері туралы естелік бар.
«Біз Қарметкомбинат директоры Г.И.Ер­молаевпен бірге Украинадағы оқу­дан кейін өндіріске келген жас жігіттерді наза­рымызда ұстадық. Олар өз ісін ширақ, әбігерленбей, сауатты орындайтын. «Мұн­дай жігіттермен мақтануға болады, – деп бірнеше рет қайталаған еді Григорий Ива­нович, – олар кәсіптік техникалық учи­ли­щеде жақсы тәжірибеден өткен, білем». П.Н.Канищевтің пікірі бойынша:  «Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік биікке дәл метал­лургия арқылы жетті. Металл балқыту үшін ғылы­мның, тәжірибенің, экспе­ри­менттің бірігуі қажет, ал мұның өзі, өз кезегінде, металлургтерден ойлаудың, іс-әрекеттің және жасам­паз­дық­тың айқын­дығын талап етеді. Өнді­ріл­ген металлда ерік-жігер шоғырланады, психология қалып­тасады, адамның жаны ашылады», – дейді ардагер.
Комбинат басшысы О.И.Тищенконың естелігінен: «Бірде партком хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев цехтық ауысым бри­га­даларында ашық әңгіме өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Біз ұсынысты қабылдадық та, көптеген құнды жаңалықтарға қанық­тық, олар бізге күрделі өндірістік проб­ле­ма­ларды шешуге көмектесті. Назарбаевпен жұмыс істеу өте қызық еді».
Комбинаттағы жұмыс жағдайымен танысып, академик Шапық Шөкин сол жыл­дары мынадай естелік қалдырды: «Егер партком хатшылары өз ұмтылыстары мен өз кәсіпорнын білуі жөнінде Қар­меткомбинаттың партком хатшысына ұқсайтын болса, онда барлық прогрессивті бастамалар іс жүзіне асады да, респуб­ликаның жетістіктері бұдан да қомақты болады».
Нұрсұлтан Әбішұлының өзі былай деп бірнеше рет айтқан: «Магнитканың тари­хы, Теміртаудың тарихы, оның адам­да­рының тағдыры менің тағдырыммен ажы­рамастай. Егер менің өмірімде Маг­нитка мен Теміртау болмаса, мен ешқа­шан Пре­зидент болмас едім».
Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет бас­шысы болған кездің өзінде де Днеп­ро­д­зержинскіге бірнеше рет барды. Міндетті түрде ондаған жылдар бойына тек қана металл қорытылмаған «Днепров меткомбинаты» ЖШС-да болады. Мұнда мыңдаған атақты және әлемге белгілі адамдардың мінез-құлқы қалып­тасты. Солардың ішінде ең әйгілісі деп шын мәнінде Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевты орын­ды атайды. Құрметті қонақтар кітабында ол мынадай жазба қалдырыпты: «... осында – зауыт­тың домна прокат стан­дарында, металлургтердің – даңқты «от-жалын» мамандығы өкілдерінің бір ғана ұрпағы шыныққан жоқ. Мен кәсіби мақ­та­нышымды осы бір индустриялық алыпта жұмыс істеу бақытына ие болғаным үшін бастан кешіремін ...».
Шынын айтқанда, училищенің 67 бі­ті­рушісінің ішінен Қазақстан жерінде Президенттен басқа, респуб­ли­каның Бас прокуроры, министрлер, әкімдер, кәсіп­орындар мен мектеп директорлары, алты ғылым докторлары мен кандидаттар, кәсіпкерлер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, бүкіл елімізге белгілі өндіріс озаттары өсіп шықты. Мұ­ның бәрі көп жай­дайда жас қазақ­стан­дықтарға білімнің, тәрбиенің берік ірге­тасы  Украинада, Днепродзержинск жұ­мыс­шы қаласында қаланғанының арқа­сында болды.
Ендігі жерде бітірушілердің тізімі Қазақстан қоғамының белгісіз бір кесіндісі болғанын білдіреді, солардың істері мен ойлары арқылы егемен Қазақстан Респуб­ликасында болған және болып жатқан сол бір үдерістердің дамуын көруге болады, олардың тағдыры сенімді түрде дамушы елде құқықтық, демократиялық қоғам орнату заңдылығы естен шығарылуы тиіс емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста