Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Әшірбек Сығай – сын сардары!

0
09 қаңтар 2015, 12:03

Сипаттама:

Әшірбек Сығай – сын сардары! Дәл осындай атпен бүгін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда танымал театр сыншысы, ұлағатты ұстаз Әшірбек Сығай туралы түсірілген деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті.
Әшірбек Сығай – сын сардары! Дәл осындай атпен бүгін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда танымал театр сыншысы, ұлағатты ұстаз Әшірбек Сығай туралы түсірілген деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті. Фильмде оның балалық шағы, отбасы, оқыған жылдары және өнер саласында жүрген кезеңдері суреттеледі.
Еске салсақ, Әшірбек Сығай 68 жасына қараған шағында 28 қараша күні өмірден озған болатын. Бүгін міне, Әшірбек ағаның шығармашылық өмірінен сыр шертетін деректі фильмді деректі кино саласында жемісті еңбек еткен режиссер Қалила Омаров жұртшылыққа тарту етті. Ол Әшірбек Сығайдың өмір жолын толықтай суреттеуге тырысқан. Олар деректі фильмді түсіруге бір жыл уақыт жұмсаған екен.
Әшірбек Сығай – қазақ ұлттық театрына еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Өмірі мен өнері, жазушылығы мен сыншылық қырлары кеңінен айтылатын бұл фильмнің орны ерекше дейді жазушы Дулат Исабеков.
Тұсаукесерге қатысқан Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов қазақ мәдениетінің жанашары, театр білгірі, қазақ елі дәріптейтін Әшірбек ағаны еске алатын мұндай дүниелердің көп болғаны абзал дейді.
Айта кетерлігі, фильм марқұмның көзі тірісінде түсірілген екен. Тіпті, ғаламторға да салынып, әлеуметтік желілерге де таралып үлгеріпті. Алайда, тұсаукесер рәсімін көру сыншының өзіне бұйырмапты. Қазақ театр өнерінің, драматургияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның жарқын бейнесі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.

Алаш алыптары / Әшірбек Сығай – сын сардары!

Пікірлер (0):

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: