Сипаттама:
Есімі спортсүйер қауымға етене таныс оңтүстікафрикалық промоутер Родни Берман қазақстандық жас боксшы Роман Жайлауовты екінші Головкин деп атады. Ол WorldBoxingNews.net басылымына берген сұқбатында Жайлауовтың әр жекпе жегі өз алдына қызық өтетінін және оның әр ойыны жанкүйерлерді өзіне елітіп әкететіндей қасиетке ие екенін айтқан. Қазақстандық боксшы сәуірдің 13-і күні Йоханнесбургте жергілікті боксшы Луянды Джакомен жекпе жек өткізуді жоспарлап отыр. Кәсіби бокста 13 мәрте рингке шыққан Жайлауов барлық жекпе жекте жеңіске жеткен. Кәсіби бокста 2012 жылдан бері жүр. Биыл ол 20-ға толды. Салмағы 63,5 килограмға дейін.
Біз Сіздердің назарларыңызға біздің боксшының украиндық Артем Скорняковпен арада болған жекпе жегін ұсынып отырмыз.
Пікірлер (0):