Сипаттама:
Арғы беттегі қазақтар арасынан Қанат Исламның ізімен қазақтың күрзі жұдырығын миллиардқа дәлелдеген қандасымыздың бірі – Жұмабек Тұрсынұлы. Ережесіз жекпе-жектен отыз рет ақтық сынға түсіп, бәрін де жеңген екен. Қытай елі “Айбарлы жолбарыс” атаған қазақтың қара баласының алдына қойған жоспарлары көп. "Ендігі мақсат - АҚШ-ты мойындату арқылы әлемді мойындату", - дейді Жұмабек. Ал мына бейнеролик Жұмабек Тұрсынның жарқын жеңістерінің бір көрінісі ғана.
Пікірлер (0):