Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Ақ аю фотографты жеп қоя жаздады - жантүршігерлік видео

5 232
11 қаңтар, 19:49

Сипаттама:

Кәсбіи фотографтар сирек кадрлар үшін неден тайынбайды? Гордон Бьюкеннен BBC Earth-тегі әріптестерімен бірге жабайы табиғатты түсірудің қаншалықты қауіпті екенін көрсетті

Шпицбергенде ақ аюлардың тіршілігі туралы сюжет әзірлемек болған фотограф Гордон Бюкеннен өмірімен қош айтыса жаздады. Жыртқыш арнайы қорғаныс контейнерді сындыра алмағандықтан, ажалдан аман қалды.

Желіде жарияланған видеода аю адамға тап беріп, шабуыл жасауда, алайда әйнектің беріктігінің арқасында сәтсіздікке ұшырап жатыр. Үшкір тырнағы, өткір тістерімен адамды бас салатындай көрінеді.

Аш аю мен фотограф паналаған әйнек контейнердің арпалысы қырық бес минутқа созылған, деп хабарлайды National Geographic.

Видеоны бірнеше күннің ішінде 3,5 миллион адам тамашалады.

Жаңалықтар / Ақ аю фотографты жеп қоя жаздады - жантүршігерлік видео

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі