Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Димаш Джеки Чан түсірген кинотуындының саундтрегін орындады (ВИДЕО)

5 225
24 қаңтар, 12:42

Сипаттама:

Атақты қытай актері Джеки Чанмен достық, әріптестік қатынас орнатқан әнші Димаш Құдайберген алда жарыққа шығатын киноның саундтрегін орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шетелде қазақ ән өнерін танытып жүрген Димаштың айтуынша, ол атақты актер түсірген фильмнің саундтрегін орындап шыққан екен. Әнші шығармашылық жағымды жаңалығы туралы instagram парақшасында жазды. 

 «Достар, жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Джеки Чан «Авангард» деп аталатын жаңа фильм түсірді. Саундтрегін мен орындаймын. Кинотуындыны көріп, бағасын беріңіз. Әрі әнді менің орындауымда тыңдаңыз», – деген әншінің жазбасына тыңдармандары мен оқырмандары қуанып, жақсы тілектерін жаудырды.

 Айта кетейік, осыған дейін Димаштың Қытайда тағы бір ерекше марапатқа ие болғанын хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтар / Димаш Джеки Чан түсірген кинотуындының саундтрегін орындады (ВИДЕО)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі