Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Димаш тағы бір ерекше марапатқа ие болды (ВИДЕО)

19 330
24 қаңтар, 12:47

Сипаттама:

ытайда қазақ өнері танытып жүрген Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды. Ерекше дауысты өнер иесі "Жылдың үздік әншісі" марапатына Қытайдың Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында өткен шарада қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана Джеки Чанның оның отбасына чемодан толы сыйлық жібергенінін айтқан әнші
 Қытайдың "JSTYLE" нұсқасы бойынша жылдың үздік әншісі атанып отыр. Қазақстанның мақтанышы ерекше марапаты жайлы instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы оқырмандарына жеткізді.

"JSTYLE "Жылдың үздік әншісі" марапатын алдым. Менің қымбаттыларым, рақмет сіздерге. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды ол, қуанышын халықпен бөлісе.

Әншіге айтулы марапат Қытайдың Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталған.

Қазақстандық әнші жыл сайынғы "JSTYLE  - 2019" марапаттау салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтті. 

 
Жаңалықтар / Димаш тағы бір ерекше марапатқа ие болды (ВИДЕО)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі