Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео

10 225
02 сәуір, 10:10

Сипаттама:

1 сәуірде Қазақстанда барлық азаматтарға арналған коронавирусқа қарсы ерікті вакцинация басталды. Sputnik Казахстан екпені алу тәртібіне қатысты ақпарат ұсынады

Коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін алдымен тіркелген мекенжай бойынша терапевтке хабарласу керек. Егер емханада вакцинация жасалмаса, онда басқа медициналық мекемеге жібереді. Екпе тегін салынады.

Вакцинацияның алдында дәрігерге қаралу қажет. Ол температура, сатурация, тамырдың соғуы және қысымды тексереді. Одан кейін медицина қызметкері вакцина туралы барлық ақпаратты жеткізеді, екпені кімге салуға болмайтынын және жанама әсерлерін де айтады. Әдетте вакцинадан кейін дене қызуы көтерілуі мүмкін.

Екпе алатын адамға тиісті құжаттар да беріледі. Соның ішінде вакцинаны алуға келісім беру, я болмаса, одан бас тарту туралы құжат та бар. 

Вакцинация бөлек кабинетте жасалады. Екпені бірнеше минуттың ішінде салып береді. Одан кейін пациентті жарты сағаттай бақылайды. Ондайда аллергиялық реакциялар болса, сол жерде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар.

Жарты сағаттан кейін пациентті тағы бір қарап шығады. Бәрі дұрыс болса, үйіне жібереді. Одан кейін үш күн бойы емхана дәрігерлері хабарласып, оның хал-жағдайын біліп тұрады. Барлық ақпаратты жазып отырады. 

Сонымен қатар, eGov порталында "Денсаулық төлқұжаты" бар. Сол арқылы вакцинацияның жасалғанын, я болмаса, жасалмағанын көруге болады.

Вакцинаның екінші компонеднтін 21 күннен кейін салады. Ол туралы  SMS-хабарлама жіберіледі. Бір күн бұрын емхана мамандары да қоңырау шалып, адамның денсаулығы туралы сұрайды. 

Екінші екпеден кейін толық вакцинация туралы құжат беріледі. Ал кейбір ұйымдарда кеудеге тағатын естелік белгі де табыстайды. Вакцинация төлқұжаты пациенттің eGov порталындағы жеке кабинетінде орналастырылады.

Жаңалықтар / Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі