Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Заттыбектің хан сарайындай зәулім үйі көпшілікті таң қалдырды (видео)

11 468
06 мамыр 2016, 11:33

Сипаттама:

Танымал әнші Заттыбек Көпбосыновтың кең сарайдай зәулім үйі көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Дүйім жұртқа “Ақ маржан” әнімен танымал болған әншінің үйі түсірілген видео YouTube желісіне 17 қаңтарда жүктелген. Видеоны жүз мыңнан астам адам қарап үлгерген. Кейбірі бұл зәулім үйдің нақты Заттыбекке тиесілі екеніне күмәнмен қарайды.

Екі қабатты жекежайдың ауласынан бастап, ішкі жиһаздарына дейін көздің жауын алатын үйді көргендер таңданыстарын жасырмауда.

"Сөзім жоқ, хан сарайы дерсің, бізге де нәсіп етсін, армандай берейік", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Дегенмен, мұндай аста-төк үйдің адамға о дүниеде еш қажеті болмай қалатынын алға тартып, әншіні сынға алғандар да баршылық.

Еске салсақ, 2015 жылы әртіс отбасымен жаңа баспанасына көшіп келген болатын.

Зәулім үйдің құрылысына бірнеше жыл кеткен. Қос қабатты ғимарат Шымкент қаласынан біраз шақырым жерде орналасқан. Әртіс үйін көне грек мәдениетінің стилінде жасаған. Ал сыртқы келбетін шырша отырғызып, жасанды шөппен безендірген.

Заттыбек ауыл мектебінде ұстаздық қызметте жүріп, кейіннен әзіл-сықақ театрында өзін актер ретінде сынап көруге бел байлайды. Бірақ, әртіс "Ақ маржан" әнімен ел арасында танымалдыққа ие болды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Мен журналистпін / Заттыбектің хан сарайындай зәулім үйі көпшілікті таң қалдырды (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі