3-ші күннің қорытындысы

05 маусым 2014, 14:21

Ағымдағы жылдың 4 маусымында тест тапсыруға 24 104 түлек қатысты, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Тест 69 пункт базасында тапсырылды.
Тәртіп бұзғаны үшін 10 талапкер аудиториядан шығарылды.
Тест тапсырушылардан 11 046 ұялы телефон, 7 533 шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флешка, 17 wi-fi табылған.
Үшінші күннің қорытындысы бойынша, еш түлек ең жоғары 125 баллды жинай алған жоқ.
4 018 түлек (16,7%) 100-ден астам балл жинаған, 2013 жылы 3 231 түлек (12,6%) мұндай нәтижеге қол жеткізген болатын.
Үшінші күнгі ҰБТ баллы орта есеппен алғанда 77,1-ді құраған (2013 жылы - 74,8 балл).
Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 5 829 (24,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 7 436 (29%) болған.
«ҰБТ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті», - делінген хабарламада.