Оқу бағасы 345 мың теңгеден кем болмайды

22 мамыр 2014, 11:04

Биылғы жылы жоғарғы оқу орындарында оқу бағасы 345 мың теңгеден кем болмайды. 2014 жылы мемлекет оқу орындарында бір маман даярлауға жылына 345 мың теңге, ал Ұлттық жоғарғы оқу орындарында – 635 мың теңге бөледі деп мәлімдейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Dixinews.kz ақпарат құралының ресми сауалына орай.
«Білім туралы» Заңның 62 бабы 8 тармағына сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы бір маман даярлауға жұмсалатын қаржы көлемі білім грантының немесе мемлекеттік білім тапсырысының мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Сондықтан биылғы жылы жоғарғы оқу орындарындағы оқу бағасының ең төменгі көрсеткіші 345 мың теңгеден кем болмауы керек. Биылғы жылы 34 165 білім гранты бөлінген, оның ішінде 500-і сырттай оқу бөлімдерінің студенттері үшін.
Айта кетерлігі, биылғы жылы ұлттық тест жүйесіне өзгеріс енгізілген жоқ. Өткен жылдардағыдай, мектеп оқушылары тарапынан бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ұялы байланысты тұншықтыратын, темір іздейтін қондырғылар мен бейнекамералар пайдаланылады.
2014 жылы ҰБТ тапсырушыларға 14 238 қосымша сұрақтар дайындалды, оның ішінде 7519 – орыс тілді мектеп оқушылары үшін және 6719 – қазақ тілділер үшін. Логикалық ойлауға бейімделген базалық тапсырмалар мың сұраққа артқан.
Даулы сұрақы әрбір ҰБТ тапсыру пунктінде Республикалық апелляциялық комиссия қарайтын болады. Апелляция жауап шыққан соң ертеңгі күнгі сағат 14:00-ге дейін қабылданады.