ҰБТ:Талапкер - 2014

Талапкерлердің төрттен біріне жуығы ҰБТ-дан сүрінді

  • Талапкерлердің төрттен біріне жуығы ҰБТ-дан сүрінді

    Талапкерлердің төрттен біріне жуығы ҰБТ-дан сүрінді

Биыл қазақстандық талапкерлердің төрттен біріне жуығы ҰБТ-дан сүрінді. 20 мың бала жоғарғы мектеп бітіру аттестатын ала алмайды жән жоғарғы оқу орнына түсе алмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті.

Республика бойынша ҰБТ-дан ең жоғары-125 балл алған оқушылар саны төртеу. Олардың екеуі Алматы қаласынан болса, екеуі Оңтүстік қазақстан облысының түлектері. Ал 13 мың оқушы 100 баллдық межеден асқан және олар мемлекеттік гранттан үміткер болып табылады. Шектік деңгейден өтіп, бірақ мемлекеттік грант иелене алмағандар ақылы бөлімдерде оқуға мүмкіндік алады. Ал мектеп бітіру аттестатына қол жеткізгенмен, шектік деңгейге жете алмағандар колледждер мен кәсіби техникалық училищеге түсуге күш сынайды.

Жылдағыдай, биыл да ҰБТ даусыз өткен жоқ. Тест тапсырушылар «тексерушілер шешінуге мәжбірледі» деп наразылық білдірді. Десе де, тест тапсырушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алды. Олар ҰБТ тапсыру пунктіне рұқсат етілмеген заттар телефон, модем, шпаргалка алып кірмек болған.

Одан өзге тест сұрақтарының сапасына көңілі толмаған оқушылар мен ата-аналар да болды. Солтүстік Қазақсан облысының бір оқушысы сапасыз сұрақ үшін министрлікті ашық айыптаған болатын. «Алматыдағы сыра зауыты қай жылы ашылған?» деген сауал оның ызасын тудырған. Алайда, кейіннен ол сөзінен қайтып, министр Аслан Саринжиповтің атына хат жолдапты.




Көрілген: 2602    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.06.2014, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Мамыр 2014
    Шпаргалка түрлері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30