ҰБТ-да карандаш пен ластикті пайдалануға рұқсат етіледі

30 мамыр 2014, 12:17

Елорданың барлық мектептерінде ҰБТ жүргізу ережелеріне арналған жадынама, сондай-ақ ата-аналарға тестілеуді ұйымдастыру туралы кітапшалар алдын ала таратылған, деп хабарлайды Астана әкімінің баспасөз қызметінен.
Елордалық білілім басқармасындағылар оқушыларға карандаш пен қара немесе көк сиясы бар ручкаларды және өшіргіш рәзіңкені пайдалануға рұқсат етілетінін айтады.
Мектеп түлектеріне гелилі авторучкаларды пайдалануға; рұқсатсыз емтихан материалдарын ашуға; орнын ауыстыруға; емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, шпаргалка, оқулықтарды аудиторияға әкелуге, пайдалануға; әр түрлі электрондық жабдықтарды пайдалануға (калькулятор, ұялы телефон мен т.б.), түзететін сұйықтарды пайдалануға тыйым салынады.
«Тыйым салынған заттар анықталған жағдайда ол туралы, түлекті аудиториядан шығарып жіберу туралы акті толтырылады», - делінген ақпараттық парақшада.
Хабарда айтылғандай, әр пән бойынша тестілік 25 тапсырма беріледі.
«ҰБТ өткізуге астрономиялық 3,5 (үш жарым) сағат беріледі. ҰБТ қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. ҰБТ нәтижесі 125-баллдық жүйемен есептеліп, жалпы білімі туралы аттестат алу үшін баға бес баллдық жүйемен есептеледі. Егер ҰБТ нәтижесі түлекті қанағаттандырмаса, олар аппеляция берулеріне болады. Апелляцияны беру ережесі мен мерзімі де жадынама мен кітапшаларда көрсетілген», - деді баспасөз қызметінен.