ҰБТ:Талапкер - 2014

ҰБТ-дан өте алмағандар қандай оқуға түсуі мүмкін?

  • ҰБТ-дан өте алмағандар қандай оқуға түсуі мүмкін?

    ҰБТ-дан өте алмағандар қандай оқуға түсуі мүмкін?

ҰБТ тапсырып жатқан оқушының әрдайым қоятын 2 сұрағы бар. «ҰБТ-ны тапсыра алмасам, не істеймін?» және «ҰБТ-ның көмегінсіз ЖОО-ға қалай түсуге болады?». Төмендегі мәліметтер оқушылардың осы сұрағына жауап беруге көмектеседі.

ҰБТ, грант бөлу ережесіне сәйкес талапкердің қолында ЖОО-ға түсу үшін міндетті түрде 2014 жылы ҰБТ тапсырғандығы жөнінде сертификаты болуы тиіс. 2014 жылы ҰБТ тапсырмаған немесе өту балын жинай алмаған түлек Қазақстан Республикасының мемлекеттік ЖОО-ларына түсе алмайды. Бірақ ҰБТ сертификаты мен өту балын тек мемлекеттік мекемелер ғана талап етеді. Ал біздің шекарамыздағы шетелдік университеттер мен жекеменшік оқу орындары талапкерге өз ережесін ұсынады. Яғни Санкт-Петербург профсоюз гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалына, дәл осындай Қытай университетінің еліміздегі бөлімдеріне түсуіне болады. Мұнымен қатар Мәскеу университеті мен Байқонырдағы ресейлік университет бөліміне тапсыра алады. Осы секілді университеттердің барлығын атап өту мүмкін емес. Сондықтан ҰБТ тапсыра алмаған жағдайда жекеменшік немесе шетелдегі оқу орындарын таңдағаныңыз жөн.

11 сыныпта ҰБТ-ға логикалық дайындықты жоғарылата түсу керек. Ол үшін ҰБТ 5+ тест жинағын сатып алыңыз.

Ал енді осы оқу орындарына грантқа түсуге бола ма? Осы сұраққа жауап беріп көрейік. Түсуге болады. Бұл ЖОО-ларды біздің мемлекетіміз қаржыландырмайтындықтан, грантты үлестіру мәселесін тек өздері шешеді. Көп жағдайда мұндай оқулар ақылы. Бірақ шынайы білімі бар студенттерді іздейтін мекемелер де жоқ емес. Сондай мекеменің бірі – «Ресей Капитандары оқу бағдарламасы». Бұл бағдарлама грантқа түсуге үлкен мүмкіндік береді. Ал егер тек мемлекеттік оқу орындарына түскіңіз келсе, колледжді таңдауыңызға болады. Мұнымен қатар еліміздегі оқу орындарымен салыстырғанда шетелдік білім ордаларында, әсіресе, Қытайда оқудың арзан екендігін айтамыз.

Қазақ атамыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңда жығады» деп бекер айтпаған. Бүгінгі алып жүрген біліміміз – ертеңгі болашағымыз! Олай болса, сәттілік тілейміз!

Мақала massaget.kz сайтынан алынған




Көрілген: 3655    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.05.2014, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Мамыр 2014
    Шпаргалка түрлері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31