Ұлттық спорт

Асық атуды спортқа айналдырып келеміз

  • Асық атуды спортқа айналдырып келеміз

    Асық атуды спортқа айналдырып келеміз

Алдағы жексенбіде, яғни 25 мамыр күні Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде асық атудан республикалық ашық турнир өтеді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Аталмыш турнирде еліміздің барлық облысы мен Астана және Алматы қалаларының командалары сынға түседі. Тіпті, тілек білдірушілер табылса, шет мемлекеттердің де командаларының қатысуға құқы бар. Әр команда сапында 3 адамнан болады. Біреуі – 16-ға толмаған ойыншы, екіншісі – 16-дан асқан ойыншы және бір жетекші.
Ашық турнирге елімізге танымал тұлғалар, атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, қоғам қайраткері Қойшығара Салғарин, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов қатысады. Сонымен қатар, танымал әншілер Қайрат Нұртас, Қыдырәлі Болманов, Досымжан Таңатаров өнер көрседі деп жоспарланып отыр.
Бұл турнир ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2011 жылы бекіткен «Асық ату ойынының ережелеріне» сәйкес өткізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. Мысалы, І-ші орын алған командаға 300 мың теңге, ІІ-орынға иеленген ұжымға 200 мың теңге, ал ІІІ-орынға қол жеткізгендерге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.




Көрілген: 1807    Пікірлер: 2

жұма, 23.05.2014, 15:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31