Ұлттық спорт

Асықты тырнақ бояйтын лакпен бояп...

  • ulttyqsport.kz

    ulttyqsport.kz

Ертеде асықты қастерлейтіндігіміз соншылық, оны бояу деген болатын. Иә, иә, асықты неше түрлі түске бояп, әлек болатын, деп жазады "Алаш айнасы".

Бала кезімізде асық бояу дегеннің шет жағасын көрдік. Ауылда ақ жаулықты әжелер алаша тоқып, сырмақ сыратын. Алаша тоқудың өзі бір мейрам еді ғой. Ауылдағы барлық әжелер алаша тоқитын үйге жиналатын. Алдын-ала жіптерін бояп, дайындалатын...

Сол кезде ауыл балалары асықтарын қойындарына қысып, әлгі әжелерді аяқтарына оратылып, маңайынан шықпайтын. «Асығымды бояп беріңізші» деп жалбарынатын.

Алаша мен сырмақтың бояуына боялған асықтар қандай болады десеңші! Бояуын қалай дайындайтындығына қарамаппыз, бірақ алаша мен сырмақтың бояуы көпке дейін кетпейтін. Мүлде кетпейтін ғой. Кейбіреулері жылтырып, көздің жауын алатын.

Ал ақ жаулықты әжелердің бірі боялған асықтырыңды үлкен ожауға салып, текеметтің үстіне шашып тастағанда, сеннен бақыты адам болушы ма еді, тәйірі. Бырдай болып шашылған асықтарыңды итжейделестеріңнен қорып, суығанша байыз таппайсың ғой.

Ұлым туған соң мен де асық жинадым. Асықты қолына ұстатып, ойнатумен болдым. Енді асықты бояп, оны одан әрмен қызықтырмақ болдым. Ауылдағыдай алаша мен сырмақтың бояуы жоқ. Сондықтан жылтырайтындығына қызығып, асықтарды қыздардың тырнақ бояйтын лактарымен бояуға көштім. Жылтырап, әп-әдемі болып шыға келді. Ол жағынан мін жоқ.

Бірақ, бірақ... лак тез кетіп қалады екен. Ал ес білмейтін жас сәби асықты аузына салатынды шығарды. Лактың құрамында не жоқ дейсіз. Яғни бұл өте қауіпті екен. Сондықтан асықты лакпен бояуды доғарып, боялған асықтарды көзден таса қылуға көштік.

Артынан сұрастырсам, асықты тырнақ бояйтын лакпен бояған жалғыз мен емес екенмін...

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 4118    Пікірлер: 1

жексенбі, 10.05.2015, 08:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30