Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары көп. Өте көп. Оның бәрін тізіп шығу мүмкін емес шығар. Өзіміз білетіндерін тізбектеп шығуға болады. Бірақ біз білмейтіндері қаншама, деп жазады «Алаш айнасы».

Сондықтан қазақтың ұлттық ойындарын тізбектеп шықаннан гөрі оның мағынасы мен мәніне көңіл аударған дұрыс болар. Ең бастысы, қазақтың ұлттық ойындары деген ұғымның ұлттық спорттық ойындар деген түсініктен анағұрлым асып түсінетіндігін білген. Мысалы, «Бес саусақ» ойыны. Мұны спорттық ойынға жатқыза алмаймыз. Есесіне, баланы тәрбиелеу мен жетілдіре түсуге орасан зор философиялық мағынасы бар қарапайым ойын. Бұл ойында саусақ атаулары ғана үйретілмей, саусақпен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті көрсетіледі. «Қуырмаш» деп аталатын төрт түлік мал мен олардың төлдерінің атаулары үйретілетін түрі тағы бар.
Ұлттық ойындарымыздың мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық мәні тым асқақ. Әрі тәрбие үрдісінде пайдаланылу өзектілігі басым. Халқымыз ойынды тәрбие құралы деп таныған. Жас балаларға арналған ойындарда ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына ерекше мән берілген. Маңызды ойлау операцияларының (талдау, салыстыру, қорыту) жетілуіне ықпал етеді. Халқымыз ойынның адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып дүние екендігін білген. Ойынның тәрбиелік маңызы – баланы зеректікке, білгірлікке баулу. Бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтарын асыл қазыналарын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретіп, батылдыққа, өжеттікке тәрбиелеген. Сөздік қорларын байытуға тырысқан. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі.
Ұлттық ойындарымызда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі қамтылып, халықтың асыл мұрасын баланың бойына сіңіру қарастырылған. Сондай-ақ адалдық пен күштілікке ұмтылу, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық секілді құндылықтарға мән берілу байқалады. Мұның бәрі – халық данышпандығының белгісі. Буыны бекіп келе жатқан балаларды мергендікке, жылпыңдыққа, ептілікке баулитын спорттық ойындарымыз да баршылық. Үлкенге де, кішіге де арналған, өмір бойы құндылығын жоғалтпайтын ойындар да жетерлік. Негізі, қазақтың ұлттық ойындарын әр түрлі топқа бөліп, жіктеген дұрыс шығар. Әрине, бұл салада еңбек еткен ғалымдар ұлттық ойындармызды бірнеше топқа бөліп, зерттеді де. Солардың ішінде көзім түскені ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннердің тұжырымы болды. Ол қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктепті:
1 Жалпы ойындар;
Қарсыласу және күресу сипатындағы ойындар;
Ашық алаңқайдағы ойындар;
Қыс мезгіліндегі ойындар;
Демалыс ойындары;
Ат үстіндегі ойындар;
Аттракциондық-көріністік ойындар.
Ал халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деген екен. Тегіннен тегін айтылмаса керек. Қазақтың ұлтық ойындарында адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын қалыптастыру көзделеді.
Қазақтың ұлттық ойындары – халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тіл мен ділдің, батылдық пен батырлықтың, ептілік пен қайсарлықтың және дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі һәм халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғи жалғасы.

Айқын Жаппар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста