Ұлттық спорт

"Өмірі көкпар ойнамаған өзбектен жеңілген, қазақтар, намыс қайда?" (видео)

  • "Өмірі көкпар ойнамаған өзбектен жеңілген, қазақтар, намыс қайда?" (видео)

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық көкпаршылар Өзбекстанға есе жіберді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған қатысты әлеуметтік желіде даулы видео жарияланды. Аталмыш видеода қырғыз жігіті қазақ көкпаршыларын жерден алып, жерге салып ұрсып тұр.

Оның айтуынша, қазақ жігіттерінің өмірі көкпар ойнамаған өзбектерден жеңілуі масқаралық екен.

"Былтыр, сендердің елдеріңе барғанда жақсылап ойнадық. Өздерің айтқан барлық ережелеріңе келісіп, ойнағанбыз. Былтыр Астанаға мен де барғанмын. Сол кезде қалай болған еді? Барлығына шыдап, ойнадық қой. Енді неге сендер сол біз секілді ойнамайсыңдар? Ей, Мейіржан, ойнамайсыңдар ма? Намыс деген бар ма өзі сендерде? Бұл спорт қой. Неге саясатты спортқа араластырып отырсыңдар? "Көк бөріден" неге соншама қорқасыңдар? Бұл спорт қой. Жігіт секілді ойнап кетпейсіңдер ме, елдеріңе? Өзбекстан өмірі көкпар ойнамаған. Қалай ұтылып елдеріңе барасыңдар? Қай беттеріңмен барасыңдар? Мен деген қазақтың намысты жігіттері келіп, біреудің астына жатып бергендерің, масқара болды ғой", - дейді қырғыз жігіті.

Видеода қазақ жігіттерінің бірі "Біз қолымыздан келгенін жасадық. Сіздер дұға қылыңыздар", деп жауап қайырды.

Қызу талқыға түскен видеодағы қырғыз жігітінің ҚР "Көк бөрі" федерациясының бұрынғы өкілі Талас Бегалиев болуы мүмкін.

Осы мәселеге байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханға мен қауамдастықтың қызметкерлеріне хабарласқан болатын. Алайда қоңырауымызға жауап бермеді.




Көрілген: 1261    Пікірлер: 0

сенбі, 08.09.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31