Ұлттық спорт

Спорт туралы жаңа заң жобасы спортшыларға Әнұранды бiлудi мiндеттеді

  • Спорт туралы жаңа заң жобасы спортшыларға Әнұранды бiлудi мiндеттеді

    Спорт туралы жаңа заң жобасы спортшыларға Әнұранды бiлудi мiндеттеді

Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары "Дене шынықтыру және спорт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінде қабылданған жаңа Заң жобасының негiзгi мақсаты - дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетiлдiру, дене шынықтыру мен спорттың тұрақты жүйесiн сонымен қатар осы салада қажетті мемлекеттiк басқаруды құру, мемлекеттiк және қоғамдық институттардың өзара бiрлескен жұмыстарын, допингке қарсы әрекет, дене шынықтыру мен спорттық шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн бір қалыпқа келтіру бойынша құқықтық міндеттер белгiлеу болып табылады.

Заң жобасында дене шынықтыру мен спорт саласындағы құзырлы органның міндеттері нақтылап, спорт федерацияларын аккредиттейтiн институт енгiзiледi. Одан бөлек материалдық көмекті алу құқығы бар адамдардың – Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы атанған мүгедек-спортшылардың тiзiмi кеңейтiлдi.

Сонымен қатар жаңа Заң жобасы еліміздегі әр спортшыға ҚР Мемлекеттiк Әнұранды бiлудi мiндеттеп, мемлекеттiк кәсіпорындарда мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы қолданбай спорттық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге рұқсат ететiн нормалармен толықтырылады.

"Ең алдымен үкiметтiң міндеті кеңейтілді. Тарқатып айтсақ, бiрiншiден, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары даярланды. Екiншiден, спорттық iс-шарларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерiн бекiту кезінде тұлғалар аясы барлық санаттағы әскери қызметшiлер және құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi арқылы кеңейтіледі. Үшiншiден, түрлі халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерiне, құрама командалар жаттықтырушылары мен мүшелерiне қаржылай сыйақы төлеу бекітілді. Төртiншiден, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлемдерiнiң қағидаларын бекiту, сонымен қатар бұл төлемдердiң мөлшерiн белгiлеу. Бесiншiден, Қазақстан құрама командаларын iрiктеу, спорттық iс-шарларға дайындау мәселелерi бойынша ұйымдастыру комитетiн құруға қатысты Үкiметтiң өкілеттiлiгi кеңейтiлдi", - дедi бұл туралы Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев

Сондай-ақ, агенттіктің төрағасы алдағы уақытта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылар айына 500 бен 3000 доллар аралығында жалақы алатынын айтып, жас спортшылардың да жалақсына көңіл бөлетіндігін жеткізді. Жалпы жаңа Заң жобасына 12 тармақтан тұратын 60 бап енгізілді.




Көрілген: 1614    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.05.2014, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30