Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңа жылды кім қалай тойлайды?

28 желтоқсан 2010, 13:20

Қазақтың жыл санауына жатпаса да, тайлы-таяғымыз қалмай тойлайтын Жаңа жыл да келді, міне. Әдетте, әлем болып тойлай­тын мереке болғандықтан, біз де бұл мейрамға бір ай бұрын дайындала бастаймыз. Жаңа жыл деп тойланатын бұл мерекенің тарихы 25 ғасыр бұрын Месопотамияда басталған екен. Содан бері «Жаңа жыл» атауымен енетін осы мейрамды әр халық өз салт-дәстүрлеріне сәйкестендіріп, әртүрлі тойлайды. Тіпті шетелде сапарда немесе жұмыс бабымен жүрген түрлі халық өкілдері өз таным-түсініктеріне байланысты атап өтеді. Қазақстан да шетелдіктер ат басын көп бұратын ел бол­ған­дықтан, солардың біразын әңгімеге тартып көрген едік. Сонымен...
Альберт ДЕМЕНШТЕЙН, шахтер, еврей ұлтының өкілі:
– Біздің тілде Жаңа жыл «Рон Аша­на» деп аталады. Бұл кезде әр адам бір жыл бойы біліп-білмей жасаған кү­нәларынан тазартуын сұрап, «сли­хот» деп аталатын дұға оқып, құдайға жал­барынады. Сәбилерге жаңа киім сый­лайды. Мерекелік дастарқанға тек жеміс қояды. Қазіргі кезде біз Қа­­зақ­­стан­да жүрміз, сондықтан дәл Из­раил­дегідей мерекелей алмағанымызбен, ешкімнен кем тойламаймыз. Өз басым дұға оқу білмеймін, бірақ дастар­қан­ды, үйімізді өз дәстүрімізге сәйкес­тен­діріп безендіреміз.
Ирикан МАЛЕЛЬ, студент, қара нәсілділер өкілі:
– Біздің елде Жаңа жыл мерекесінде адамдар бір-біріне су шашады. Бұл біздің климатпен ең оңтайлы құттықтау болып саналады. Бірақ осы негізгі салтты біз Қазақстанда жасай алмай­мыз. Себебі түсінікті ғой. Қазақстанда жү­­ріп, жа­ңа­жылдық дастар­қан­­ға осы ме­рекеде жасалатын тағам – лин­­гоны жа­саймыз. Бұл тағамға, негізінен, түрлі әше­кейлер, тиын­дар жа­­­сы­рылады. Бұл келер жыл тойым­ды болсын, ақшалы бо­лсын деген ұғым­мен түсіндіріледі.
Дирашвиль ТЕХМАХ, қызметкер, үнді ұлтының өкілі:
– Біздің елде Жаңа жылды қазан айы­ның соңында тойлайды. Бұл кезде әр үйдің төбесінен алаулап жанған отты көруге болады. Біздің халық Жаңа жылды байлық құдайы Лакшмиді еске алумен өткізеді. Ал Қазақстандағы қан­дастарыма келер болсам, біз де құ­дайы­мызды еске алып, ұлттық тағамы­мыз­ды және ұлттық киімімізді киіп, мейрамды өте жақсы тойлаймыз.

Ал мұсылман елдері арнайы күнтізбе арқылы жаңа жылды анықтап отырады. Сондықтан мұ­сылман жыл санауы бойынша жыл сайын жаңа жыл 11 күнге ше­геріліп тұрады. Мысалы, бұ­рын Персия деп аталған Иран елін­де Жаңа жыл 21 нау­рызда той­ла­на­ды. Жаңа жылға аз уа­қыт қалғанда халық арнайы ыдыс­­қа дән егіп қояды. Жаңа жыл­ кезінде дән өсіп шығып, жас өс­­кін бой кө­тереді. Бұл жаңа өмір­­дің, жаңа жыл­дың келген­ді­гі­мен түсіндіріле­ді екен.