Үркер

Мюзиклде – Мана Накано

  • Мюзиклде – Мана Накано

    Мюзиклде – Мана Накано

Астананың мәдени өміріне серпін әкелген «Астана» мюзиклі Жаңа жыл қарсаңында сахна төріне қайта көтерілді. Келісім және бейбітшілік сарайында өткен бұл жолғы «Астана» мюзиклінің басты рөлін Айгүл Ниязова, Әсем Сембиновалар емес, арнайы шақыртумен келген жапон актрисасы Мана Накано орындайды.

Мюзиклдің алғаш көрсетілімі осы жыл­дың маусымында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры және Шым­кент опера және балет театры жетекші солистерінің қатысуымен өткен болатын. Бұл – төртінші көрсетілімі. Нағыз махаббат жә­не шынайы достықты әспеттейтін лири­ка­лық комедияның негізгі арқауы алма­тылық жас дәрігер Арман мен жапон сту­денті Асамидің махаббатына негізделген.

Асамидің атасы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында тұтқынға түсіп, тағ­дырдың жазуымен Қазақстанға жер ауда­ры­лады. Қазақтың қарапайым әйелінің арқасында аман қалған атасының өсиетін орындау үшін Асами Астанаға келеді. Әдемі қалада қазақтың жігітімен танысып, кезіккен кедергілерге қарамастан, екеуі қо­сылып тынады. Туындыда сондай-ақ Аста­наның махаббат пен бейбітшілік қа­ласы екені жұртшылыққа паш етіледі.

Мана Накано – Жапония өнер акаде­мия­сының сахналық өнер факультетін мю­зикл әртісі мамандығы бойынша бітірген. Оның шығармашылық жолы мек­тепте жүрген кезде басталды. «Химавари» әртістік тобында өнер көрсетті. Өнер ака­демиясын бітірген соң, «Сики» тобы және Lion Kings хореографиялық ансамблінде жұ­мыс істейді.

Жапон актрисасының Қазақ еліне бұл алғаш келуі екен. Мәдениет министрлігі және К.Байсейітова атындағы Ұлттық опе­ра және балет театрының шақыруымен кел­ген шетелдік жұлдыз қойылымнан бұ­рын журналистер алдына шығып, елімізден алған әсерімен бөлісті. «Маған бұл рөлді ойнау туралы ұсыныс келіп түскенде қатты толқыдым. «Ойнай аламын ба?» деген ой мазалай бастады. Алайда Астанаға келген соң, бұл күдігім сейіліп сала берді. Себебі қазақ елі мен жапон халқы мәдениеті жағынан бір-біріне өте ұқсас екен. Бұл ұқ­сас­тық менің шабытыма серпін бергендей болды. Оның үстіне, Асамидің рөлі менің табиғатыма өте жақын екенін аңғардым. Бұл ел маған өте ұнады», – дейді Мана На­кано.

Алмас Серкебаевтың «Астана» мюзиклі «Тәуелсiздiк толғауы» республикалық кон­курсының үздік опера шығармасы номи­на­циясы бойынша жеңімпаз атанған бола­тын. Мюзикл – музыкалық-сахналық шы­ғар­ма. Оның ішінде диалог те, ән де, музы­ка да бар. Оның тарихы өткен ғасырдың 50-жылдарынан басталады. Әуелі АҚШ-та пайда болып, дербес жанр ретінде бірқатар елдерге тараған. Мю­зиклде ойнайтындардың жезтаңдай әнші, мың бұралған биші, сахнаның ысылған әртісі болуы, яғни сегіз қырлы, бір сырлы болуы шарт.




Көрілген: 3776    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.12.2010, 13:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2012
    Жылан – жақсылық нышаны
    27 Желтоқсан 2012
    «Ой-көкпаршы» тұлға
    28 Желтоқсан 2010
    Мюзиклде – Мана Накано

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31