«Ой-көкпаршы» тұлға

27 желтоқсан 2012, 13:38

Газетіміздің тұрақты «ой-көкпар» айдарын қалың оқырман жылы қабылдап, әрдайым пікірлерін білдіріп жатады. Біз биыл жыл бойы осы айдардың аясында ойын білдіріп, бізбен бірге болған тұл­ғаларды сарапқа салып, «кім «ой-көк­пардың» алаңында көкпарды көп тартты?» деген сауалға жауап іздеген едік. Соның нәтижесінде бір жыл бедерінде саясаткер Мұрат Әбенов, саясаттанушы Әзімбай Ғали, экономист-сарапшы Мейрам Қаб­драхманұлы жеті мәртеден «ой-көкпар» айдарына өз ұстанымдарын жет­кізіп, «Алаш айнасы» газетінің «ой-көкпар­шысы» атанып отыр.  Мұнан кейінгі нәти­желерге тоқтала кетсек, Дос Көшім, Нұрлан Сейдін, Ілияс Исаев, Тоқтар Есіркеповтер – алты мәртеден, Ерасыл Әбілқасымов, Бейсенбек Зиябеков, Оразалы Сәбден, Амалбек Тшан сынды азаматтар бес мәртеден «ой-көкпарлатып», өз ойларын ортаға салыпты.