Ұлу атауының сырына үңілдік пе?

Ұлу атауының сырына үңілдік пе?

Жұмыр жердегі сан түрлі халықтардың уақыт өлшемі жайында айтатын әфсанасы баршылық. Оның әрбіріне зер салып қарасаңыз, жергілікті ұлт пен ұлыстың жаратылыс жайлы ұғымын бағамдауға әбден болады. Біздің қазақтың бағзы заманнан бергі күнтізбе туралы түсінігі тарихтың түп-тамырына үңілсеңіз, талай жайды аңғартары анық. Осыдан төрт мыңдай жыл бұрын Алтай тауының сауыры мен Амур өзенінің жоғары ағысын жайлаған ежелгі түркі, ғұн тайпалары күнтізбелік мүшел есебін өмірге алып келіп, оны қоңсы қонған өзге жұрттарға жайғаны турасында ескі шежірелі естеліктерде айтылады.
Дегенмен осы күнге дейін ұлу атауына байланысты бір тоқтамға келген ұйғарым жоқ. Ол су жағасында көзіміз көріп жүрген кішкене жәндік пе? Әлде, барыс, арыстан, жолбарыс секілді жыртқыштармен «туысқан» ба? Бұл жыл бізге жайлы ма? Осы сауал жаңа жылды тойлауға күні бұрыннан білек сыбана кіріскен қауымның көкейінде тұр. Халқымызда әрбір жылға сипат берген кезде ұлу турасында «Ұлу жылы – үлгілі» деген теңеу айтылады. Осыған қарай отырып, оның жайлы болатынын аңғару қиын емес. Біздің мүшелдік есепке жүйеленген күнтізбемізде ол бесінші жыл болып есептеледі.
Ұлу жылы қандай болмақ? Шежіреші қарттар бұл жайында не дейді? Жаңақор­ған ауданы, Қыраш ауылында тұратын сек­сеннің сеңгіріне шыққан Жәлел Мәу­лен­құлов ағамыз жалпы ұлу жылының қа­рапайым халық үшін қолайлы болатынын тілге тиек етеді. Ұзақ жылдар бойы малшы болған ағамыз табиғаттың тылсымына терең бойлауға мән берген екен.
–  Аталмыш мақұлық суда өмір сүретіні белгілі, – дейді ол кісі бізбен әңгімесінде. – Су әрбір халық үшін тіршіліктің көзі емес пе? Оны берекенің бірі деп бағалайды. Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық орын алмайды деуге негіз бар. Мәселен, мен аталған жылы мұндай оқиғаның кездескенін көрген емеспін. Ендеше, ұлу жылын халық үшін берекелі болады деп қарауға негіз бар секілді. Ұлудың тағы бір қасиеті бар. Ол өзімен-өзі жүреді. Одан келетін қауіп жоқ. Осыған қарай отырып, келер жылды тыныштыққа толы, елге жайлы болады деп айтуға болады. Ұлу атымен аталатын жылдарды шолып шықсақ, оған көз жеткізе аласың. Өйткені бұл жылы елді елең еткізерлік оқиғалар тіркеле қойған жоқ.
Сыр өңірінде көп жылдар бойы басшы­лық қызметте болған ел ағасы Қуанышқали Шапшаңов осы тұрғыда өз ой-пікірін былайша білдіреді. «Алтайлықтар мен телеуіттер ұлу жылын ұлы деп атайды. Ал түрік­мендер мен біздің халқымыздың біршама бөлігі оны балық, су жәндігі деп біледі. Түркі жұртының бірсыпыра халқы, қырғыз, түрікмен, ноғайлықтар ұлу деп санайды. Ол хайуан ба, құс па, жәндік пе? Оны ешкім тап басып айта алмайды. Тіпті, оны маса, кішкене құс деп қарайтын жұрттар да бар.
Ағамыздың айтуынша, Алтай жұртының мүшелді бейнелейтін ескілікті суретінде ұлудың орнына жираф бейнеленген екен. Ал Үндістан жұртында ұлу деп жыланның бір түрін айтқан. Алтай жұртының ертегісі желісіне сүйенсек, елге белгілі Маны деген адамның Борсық, Мысық, Барыс, Ұлу, Қарағұла, Ірбіс және Текен деген жеті ұлы болған. Сондықтан олардың кейбір суреттерінде ұлу төрт аяқты жануар деп бейнеленген екен.
Ескі әңгімеге жетік ағамыздың бұл айтқандары көкейге ой салады. Шынында да, күнтізбеде ұлу жылы бар болғанмен, оның маңызына зер салып көрмеппіз. Қазақ халқы бұл жылды ел-жұртқа жайлы, сулы, астық мол шығатын, көк қаулап өсетін берекелі жыл есебінде бағалайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста