Алтын күз

Алтын күз

Шығыс Қазақстан облысы,
Катон-Қарағай ауданыны,
Үлкен Нарын ауылы
Ақшамбаева Ләзат Бауржанқызы
«Қоңырау» тобының тәрбиешісі

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар!
Бүгінгі мереке алтын күз сіздерге көп жеміс қуаныш әкелсін.
Биылғы жыл табысты жыл, қамбамыз астыққа толсын.
Қазақ жері сәніміз,
Мәуелі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз.
Ән: «Алтын күз»
Күзге арналған тақпақтар:
1. Жанель:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
2. Алдияр
Алтын сары, қызыл көк
Алуан,алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
3. Алихан
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Астық Дала сәулеті
Астық Отан даулеті
4. Дина
Алқаптағы бидайды
Қоймаға ел жинайды
Мейірімді жер ана
Халқына ырыс силайды

Жүргізуші: Айтыңдаршы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Күз мезгілінде қандай өзгешеліктер болады?
Балалар:Жапырақтар сарғайады, құстар жылы жаққа ұшады,күн суытады.
Күз мезгілдерін атайықшы?
Балалар: Қыркүйек,қазан,қараша
Жүргізуші: Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.
Келші, келші алтын күз.
Келші, келші жарқын күз.
(Осы кезде мерекелік көңіл күймен залға «Күз ханшайымы» жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған)
Күз ханшайымының сөзі: (амандасуы)
Жүргізуші: Келіңіз отырыңыз, өнерімізді тамашалаңыз! Қонағымыз болыңыз. Балалар тақпақ, өлең айтып, би билеп берсін.
5. Айша:
Біреу алтын түсіріп,
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым сон түсініп.
6. Сұлтан
Бұтақта тұр албырап
Қызыл алма салбырап
Сұлтан ұзап кетпейді
Әттең бойы жетпейді.
7. Айзере
Көрініп еліме,
Күндері мереке
Келеді ғой жеріме
Күз деген мереке
Жүргізуші:Мың бұралып билеген
Бишіні кім сүймеген
Қараңдаршы тамсанып
Қандай әсем би деген
Би «Жемістер биі»
Жүргізуші:Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнерлері ұнады ма? Балалар тек билеп қана қоймай ойында ойнай алады.
Ойын: «Көкөністерді жинау»
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Хор: «Күз жомарт»

Жүргізуші: Балалар, қонақтар ертеңгілігімізді әрмен қарай жалғастырайық.
8. Алғабек
Мерекелі күз, мырза күз.
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
9. Айгерім
Арпа, бидай, тарылар
Сұлы, күріш бәрі бар
Әуендетіп шырқалған
Әнге құлақ шалыңдар
Ортамызда қазір Айназдың орындауында «Қошақан» әнін қабыл алыңыздар.
10.Темірлан.Қ
Ағаштардан жапырлап
Ұшты кенет жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
11.Темірлан .Б
Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң- шуақ
Біздің өмір көңілді.
Ұлдар тобы «Антошка» биін ұснады

Жүргізуші: Жарайсыңдар, бөбектерім алтын күз сендердің оқыған өлеңдеріңді тыңдады, енді әндерімізді шырқап берейік.

Жүргізуші: Ой, жарайсыңдар енді тақпақтарымызды айтайық.
12. Айя
Әне,қызыл алмалар
Әсем бақтың жұлдызы
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі.
13. Айназ
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
14. Абылай
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнады ма? Сіз шаршап қалған шығарсыз, уақытыңыз да кетуге таяп қалған шығар. Сау болыңыз.
(Күз ханшайымымен қоштасу)
Күз ханшайым: Қандай өнерлі балалар! Рұқсат етсеңіздер енді мен кетейін. Келесі жылы кездескенше жақсы. Сау болыңыздар
Жүргізуші:
Күзгі бақтағы қонақтар
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болды
«Сау болыңыздар»-деп
Аман-саулық тілеп
Мерекені аяқтайық
Осымен «Алтын күз» мерекесін аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп, көп рақмет.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста