Сабақтар

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары

  • Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары

    Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегенімізжеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.


Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда

қатысымдық әдістің маңызы зор. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу,

сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы.

Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:

- коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педогогика және психология, конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).

- коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қаблеті (іскерлік қатынастарды нақты және жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);

- эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, психотерапияны сөзбен орындай алу).

- өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің және өзінің мінез-құлқын реттеу алу

іскерлігі, әңгімелесушіні модельдей алу, дау-жанжал ситуацияларында өнімді жауап

беру тәсілдерін табу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарымқатынасты болжай алу);

- вербальды және вербальды емес қарым–қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және шарттасуды жүргізу, кәсіби педaгогикалық әдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану). Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың

· Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға

· сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге

· жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.


Ғалым Ф.Ш. Оразбаева «коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі

мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. Осыдан барып, «комуникабельді» -тез тіл табысады, түсінуге бейім, «комуникабельдік»-түсінушілік т.б. деген сөздер пайда бола бастады. Ғалым «коммуникация» сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым»

және т.б.терминдерді енгізді. [«Тілдік қатынас», оқулық, Алматы 1, 39 бет.]

Бастауыш сынып оқушылары коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз

жеткізілді. Қарым-қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема. Жаңа инновациялық ойлар уақытында қарым-қатынасты «коммуникация», «коммуникативті тұлға», «коммуникациялық жүйе» және т.б. терминдер өте

көп қолданылып жүр. Күнделікті тұрмыста осы қатынастарсыз өмір сүру мүмкін емес екені баршаға мәлім. Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді,

білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады. Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-қатынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар) ажыратып қараймыз.

Қатынас әрекетіндегі объект – өзге адамдар және олардың санасы мен ниеттілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса,

екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниеттілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі

психологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушы – әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әртүрлі  рухани дүниені бірлестіру. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабылдауы ғана емес, керісінше, мұғалімнің де тәрбиеленушіні қабылдауы

қажет. Педагог міндетті түрде ықпал ету объектісін ғана көріп қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тәрбиеленушіге жақсы ықпал тетініне сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, баланың келісімі, эмоциялы іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері

байланысты түсініп, қабылдау да өте маңызды. Педагогикалық қарымқатынас – мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады. Бұл

қарым қатынас:

• біріншіден, мұғалім оқушының рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап, оның еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу құқына және іс-әрекетті таңдау құқына ие екендігін танытуы;

• екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы

мен қуанышына ортақтасу;

• үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай

білу.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет

2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты. Ресми басылым. Астана. 2006 ж




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 16:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»
    20 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Ана құшағында
    18 Наурыз 2015
    Су асты тіршілігі
    17 Наурыз 2015
    Нан туралы өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31