Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

Сабақ тақырыбы: Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сюжетті суреттерді сипаттайды, реті бойынша әңгімелеп айтады.

Көптеген оқушылар: Сюжетті суреттің тақырыбын ажыратады

Кейбір оқушылар: Сюжетті суреттегі негізгі ойды дәлелдейді.

Бағалау критерийлері Білім алушы

Тілдік мақсаттар

Құндылықтарды дарыту

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құрылымын басшылыққа ала отырып топтық, жұптық ,жекелей жұмыс жүргізе отырып, өзін-өзі ,бірін –бірі бағалау арқылы тиімді кері байланыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар: көрнекі суреттер

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал. Оқушылардың зейінін шоғырландыру Бір –біріне жүрек жылуын сыйлайды, жақсы тілектер айтады. Топқа бөлу :1-топ –мысық, 2-топ –қарлығаш, 3-топ- ұя 

Сабақтың міндетін анықтау

Топқа неге бұлай бөліндік деп ойлайсыңдар? 

Сабақтың ортасы

 Өткенді қайталау

Тапсырма. (Т)

 Шарты : Берілген сөйлемдерден ретін сақтай отырып мәтін құраңыздар. 

Әдіс «Сөйлемдер сөйлейді»

Ерланның атасы мен әжесі ауылда. Атасы Ерланды демалыста ауылға қонаққа шақырды. Олардың ешкісі лақтады. Ерлан лақты далаға шығарды. Лақ секіруді жақсы көреді.

Дескриптор

 Сөйлемдерден ретін сақтай отырып мәтін құрайды. -Құраған мәтіндерін әңгімелеп айтып береді. Топтар бірін-бірі бағалайды.

ҚБ

 

«Бағалау ағашы» арқылы бағалатамын. (Бәрі дескрипторға сай болса үлкен жапырақ жапсырады 1қате- орташа жапырақ, 2-3- қате кішкентай жапырақ жапсырады).

Кері байланыс

- Тапсырма орындауда не қиын болды? -Неге көңіл бөлу керек?

Ойлау дағдысының деңгейі

Біледі, түсінеді, қолданады. 

Сергіту сәті

 Музыкамен би ырғағына еріп қимылдайды.

2-Тапсырма: (С) «Ретін тап» Әдіс

А деңгейі : Суретті сипаттап ,реті бойынша әңгіме құраңыз. В деңгейі: Сюжетті суреттің тақырыбын анықтаңыз. С деңгейі : Сюжетті суреттегі негізгі ойды дәлелдеңіз. (жұпта әңгімелейді,топта үздік әңгімені анықтайды) 

Дескриптор

-Суретті сипаттап, ретімен әңгіме құрайды. - Тақырыбын анықтайды - Суреттегі негізгі ойды анықтайды.

ҚБ

«Бағалау ағашы» арқылы бағалатамын. (Бәрі дескрипторға сай болса үлкен жапырақ жапсырады 1қате- орташа жапырақ, 2-3- қате кішкентай жапырақ жапсырады.)

Кері байланыс

-Тапсырманы орындауда неден қиналдыңыз? -Себебі? - Неге көңіл бөлу керек деп ойлайсыз? 

Ойлау деңгейінің дағдысы

Білу,түсіну,қолдану.

Қорытынды бағалау 

 Бәрі дескрипторға сай бағаланған ағаштарын үлкен ағашқа жапсырады.  1 қате- орташа жапырақ,  2-3- қате жіберген оқушылар кішкене ағашқа жапсырмалайды.

Сабақ соңы. Қорытынды рефлекция

«Кім шапшаң ?» әдісі Бүгінгі сабағымыздың міндеті не еді? - Осы міндетке жету үшін қандай тапсырма орындадық ? - Кімге тапсырма орындау оңай болды? - Себебі? - Кімге қиындық туғызды? - Себебі? - Осы сабақтың сендердің өмірлеріңе пайдасы бар ма? Болса қандай пайдасы бар?

 Нурахметова К.Ж.

Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы, Глубокое кенті

"О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі"КММ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста