Сабақтар

География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі

  • География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі

    География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.


Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.


География сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: • оқушының өз бетімен жұмысы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • экономикалық тиімділігі; • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.


Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат. Ргаеяепіо тапсырамын немесе ағыл. Ргезепі — ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені үсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну — бұл әрдайым презентация. Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс


үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Презентацияны география сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ол мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. География сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.


Ø дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);


Ø әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);


Ø ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);


Ø оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).


Интерактивты тақта - сыныптағы барлығын оқыту үшін құнды құрал.


Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:


· Бағдарлама бойынша барлық сынып оқушыларына қолайлы;


· Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;


· Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;


· Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;


· Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;


· Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.


Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды,


білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «География және Табиғат» №5, 2012ж.


2. Оқу үрдісінде интерактивті тәсілдерді пайдалану тиімділігі «Қазақстан мектебі» №3, 2012 жыл.


3. «Ақпараттық технология – нәтижелі білім» «Қазақстан мектебі» №6, 2012 жыл


4. Оқу пәндеріне мазмұндық сапасын жақсартудың өзекті мәселелері «География, биология, экология орта мектепте» №2, 2012 жыл.


 Төлеген Есенжолұлы Шегебаев


Алматы қаласы


Бостандық ауданы


«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ


География пәні мұғалімі




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.06.2019, 22:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»
    20 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Ана құшағында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31