Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану

Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану

Жеке адамның қалыптасуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайтынын ескерсек, берілетін білімді ізгілендіру, әсіресе химия мазмұнын осы бағытта жүзеге асыруда мүмкіндіктері молдығын байқаймыз. Себебі, адам, табиғат, қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған орнаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән – химия. Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады.

Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Педагогикалық ойындар қарекет бойынша: физикалық, интеллектуалдық,еңбектік,психологиялық,әлеуметтік болып бөлінеді. Педагогикалық процесс сипатына қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

· Оқыту,жаттығу,бақылау және талдап қорыту.

· Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

· Репродуктивті,продуктивті,шығармашылық;

· Коммуникативті(қатынас), диагностикалық хабардар ету.Ойын әдістемесі бойынша пәндік, сюжеттік, іскерлік, рольдік, имитациялық, драмалық болады.

Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім-білік дағдылары,пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді.Ойын сабақтың 1/5 уақытын қамтиды. Оқыту үрдісінде – көзбен көрген(тәжірибе,оқу): есте сақтау ақпараты-50%. Құлақпен естіген ақпарат – 10% ғана есте қалады, оқушының өзі қызығып, қатысқан (ойын)жағдайда -90% ақпарат жадында қалады екен. Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс-әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әртүрлі сұрақтар туады. Одан әрі сол сұрақтың жауабын табуға ынталанады. Нәтижесінде оқушының химия пәніне деген қызығушылығы артып, ынтасы дамиды. Қызықты тәжірибелердің «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өзіне ойландырып айтқызған дұрыс.

«Домино» ойыны. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ немесе реакцияға түскен заттар, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы немесе реакция өнімдері жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып,құрастыруы керек.Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.

«Сақина салу» ойыны. Бұл ойын белгісіз затты табуға арналған (8-сынып) ойын. (химиялық өзгерістер: К→К2О→КОН→КІ→КСІ→АgСІ). Ойынға толық сынып қатысады, дидактикалық мақсаты: берілген жаттығуды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады.

Шақпақ қантты қалай жағуға болады?

Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынына ұстаса , ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сеуіп жіберсе , қант от алып , әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынадай: Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады.

Құмнан шыққан жылан

Ас содасы мен қант ұнтағын (сахарная пудра) араластырамыз, әйнектің бетіне құмды саламызда тегістеп оған спирт (изопропанол) құямыз да үстіне араластырған қоспаны салып от тамызамыз. Біраз уақыттан соң құмнан ирелеңдеп жылан тәрізді зат шыға бастайды.

Резиналы жұмыртқа

Жұмыртқаның қабығы кальций карбонатынан тұратынын бәріміз жақсы білеміз. Сірке суын пайдалана отырып, жұмыртқаны қабығынан қалай тазалауға болатынына көз жеткіземіз. Ол үшін бір шикі және бір піскен жұмыртқаны аламызда екі стақанға салып, сірке суымен толтырамыз. Жұмыртқа қабығынан көпіршіктер бөлініп шығып жатқанын байқауға болады, ол бөлініп жатқан көмірқышқыл газы. 2-3 күн өткен соң

жұмыртқаны алып суық суға шайып көретін болсақ, шикі жұмыртқа резина тәрізді массаға, ал піскен жұмыртқа қоймалжың массаға айналады. Яғни төмендегі реакция жүзеге асады. CaCO3+2CH3COOH=(CH3COO)2Ca+CO2 +H2O

Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Білгір химик», «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А. Мырзабаев. Н. Тұрбекова. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар, 1993

2. М.Қ.Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары», Алматы,2009ж

3. Ғаламтор материалдары.

Бектасова Назира Турганбаевна
Алматы қаласы

Бостандық ауданы

«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ

Химия пәнінің мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста