Сабақтар

Инклюзивті білім беру - өмір қажеттілігі

  • Инклюзивті білім беру - өмір қажеттілігі

    Инклюзивті білім беру - өмір қажеттілігі

Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды.

Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Әлемдік педагогикалық қауымдастық үшін 1994 жылы Испанияның Саламан қаласында ЮНЕСКО ұйымдастыруымен өткізілген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру бойынша Бүкіләлемдік конференция айқын оқиға болды. Нәтижесінде, педагогикаға «инклюзивті білім беру» термині енгізілді және инклюзивті білім берудің негізгі принциптері жарияланды. Аталған конференцияда қабылданған Саламандық декларация, «инклюзивті білім беруді» білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде жариялады. Мұндай тұғырдың ерекше айырмашылығы сонда, бұл білім беру жүйесі әрбір баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімделуі керек, мұнда жалпы білім беретін мектептерде бірлесіп оқытумен қатар, бірқатар балалар арнайы мекемелерде де оқи алады [1].

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру сияқты маңызды саланың қалыптасуы, көп жағдайда әрбір нақты елдің дәстүрлері мен деңгейіне тәуелді болады. Сондықтан, аталған құжаттарда БҰҰ мүше елдердің білім беру жүйесін жетілдірудің жалпы бағыттары мен принциптері анықталады. Осылайша, жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде, өткен ғасырдың 90-жылдары, білім беру саласында мүгедектіктің жаңа идеологиясымен байланысты және «инклюзивті білім беру», «инклюзивті тұғыр» ұғымдарында жалпыланған бағыт дами бастады. Инклюзивті тұғыр балалардың алуан түрлі білім алу қажеттіліктерін түсінуді және осы қажеттіліктерге сәйкес, балаларды білім беру үдерісіне аса толық қатыстыру, қоғамдастықты баулу, білім берудегі дискриминация мен сегрегацияны жою арқылы қызмет ұсынуды қамтиды [2].

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Қазiргi таңда барлық әлeмдe жeкe қажеттiлiкті түзету-педагогикалық қoлдаy мeн бейiмдеy баланы емес, балалардың бiлiмдiлiк сұраныстары мен жеке ерекшелiктерiне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қатысуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе «инклюзивтi бiлiм беру» туралы айтyда. (Д.Митчелл–профеccор, Жаңа Зеландия, 1997 ж) [3].

Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 4. Барлық адам бір - біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Адырбаева М.Ж. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық –

медициналық педагогикалық консультацияның жұмыс барысы. -Алматы, 2011. – Б.30-35. 2. Электронды ресурс: http://www.zkoipk.kz

3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы

Садықова Нұрзиға Нұрсапарқызы
Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

«Ерекше білім беру қабілеттіліктері бар

балаларға арналған оңалту орталығы» КММ

Тәрбиеші




Көрілген: 1121    Пікірлер: 0

жұма, 22.11.2019, 11:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29