Жаңаша оқыту-заман талабы

Жаңаша оқыту-заман талабы

Жаңа типтегі мектептерде білім беру жүйесі қандай болу керек деген мәселе әркімді толғандырады. Американдық мұғалімдер ассоциясының вицепрезиденті, доктор А.Урбанский «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқыту үрдісінде өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан – ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу» деген.

Әлем жаһандану үрдісін бастан кешуде. Осы үрдіс кезінде әлем өте жылдам өзгеріп, ұлттық құндылықтар, мәдениет, технологиялар, экономика саласында, жалпы қоғамда бірігу, тұтастану, кірігу тенденциясы басымдылыққа ие болып отыр. Жаһандану білім саласын да айналып өтпеді, әлем өркениеті білімнің жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Әлем елдерінде білім саласында реформа қажеттілігі білімнің мән-маңызын түсінгендіктен туындап отыр. Дамыған елдер табысқа жетудің кілті адам капиталында екенін түсінгендіктен, оған инвестиция салып, оқыту мен оқудың жаңа
технологияларын зерттеп, жетілдіріп отыр. Әлем елдерінің білім беру жүйесі осы салада дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын жасап ұсынуда және өздерінде қолданысқа енгізуде. Инновация білім беру саласында жаңалық енгізу, оқу және тәрбие мазмұны мен ұйымдастыруын және олардың тиімділігін арттыру; білім беру процесін айтарлықтай өзгертетін, жетілдіретін немесе жаңартатын білім саласындағы жаңалық. Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі
білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы деп отырмыз. Бұл, әрине ұстазға да көп ізденісті талап етеді. Өйткені, «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана...». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа техналогияларын меңгермейінше, сауатты маман болу мүмкін емес. Осыған орай, әрбір ұстаз барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру
қажеттілігі заман талабынан өз-өзінен туындап отыр. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат–оқушылардың танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін арттыру,елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Жалпы білім
беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр. Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
Жаңа педагогикалық технология – білім беруді ізгілендіру принциптеріне негізделген компьютерлік технология, сонымен бірге оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциялдау. Онда:
- білімді ізгілендіруге
- оқыту сапасын арттыруға
- басқару тиімділігін жетілдіруге
- оқушылардың дамуына бақылау жасауға
- оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалау. «ТЕХНОЛОГИЯ» - бұл да қандай да болсын істегі «Шеберліктің» жиынтығы.Бұл жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты. Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның
өзіндік танымдық іс - әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Мұнда бірінші орында білім алушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Инновациялық үдерістерді өндіру үш өзара байланысты күштермен анықталады:
1) енгізілген технологиялардың ерекшеліктерімен;
2) жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
3) жаңалықты енгізу жолдарымен.
Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасай- ды. Инновациялық үрдістің негізіжаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
• инновацияны жан-жақты меңгеру;
• инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
• инновацияны практикада дұрыс қолдану;
• инновация туралы білімі;
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде – мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады. Үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі-әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметінде
пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен байланысты.

Әдебиеттер тізімі:
1. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық
іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.
2. Білім берудегі инновациялық технологиялар . Педагогикалық
әдістемелік журналы «Білім берудегі менеджмент»
/ Г.М.Жусанбаева; №1, 2014.-134б/
3. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс Оқу - әдістемелік құралы /
Б.И. Иманбекова; Пікір жазған: С.Қ.Қалиев.- Алматы: БС "Алишер",
2003.- 136б.

Нурсеитова Марфуга Кабыкеновна
Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы, Глубокое кенті
«О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста