Сабақтар

Қалай дұрыс және түсініп оқуға болады?

  • Қалай дұрыс және түсініп оқуға болады?

    Қалай дұрыс және түсініп оқуға болады?

 Сабақтың тақырыбы: Қалай дұрыс және түсініп оқуға болады?


Мақсаты: оқушылардың түсініп және дұрыс оқу дағдыларын жетілдіру, зейіндерін тұрақтандыру, қиялын дамыту, қол машықтарын жетілдіру


Сабақ түрі: қайталау


Әдіс-тәсілдер: сұрақ жауап, ізденушілік, көрнекілік


Көрнекілігі: кеспе суреттер, сызбалар


Сабақ барысы


Кезеңдер:


Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті


Ұйымдастыру


Оқушылармен сәлемдесу


Сабақ мақсатын хабарлау


Бүгінгі сабақта мәтінмен жұмыс жасай отырып, қалай дұрыс және түсініп оқуға болатындығына көз жеткіземіз.


Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер арнаймыз.


Мәтінмен жұмыс жасау Қандай ережені сақтаймыз? Толықтырып айту Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын оқу ережесімен таныс болайық.


Тақырыбы


Авторы


Деректер


Әрекеттер


Негізгі ойы (мәтін таратылып беріледі)


Мәтінді түсініп оқу үшін әр түрлі түспен белгілеу керек. 1 тақырыбын – қоңыр түс 2 авторы- көк 3 деректер - сары 4 әрекеттер - жасыл 5 негізгі ойы - қызыл Мәтін: Неге тоқылдақ ағашты теседі? Көпшілік тоқылдақ ағашты тесе отырып, оны зақымдайды деп ойлайды. Шындығында барлығы керісінше. Тоқылдақ ағаштың өмір сүруіне көмектеседі. Тоқылдақ ағашта тіршілік етеді. Олар ағаштан қорегін табады. Ағаш діңінде қоңыздар мен жәндіктер жасырынып жатады. Тоқылдақ оларды көрмесе де, иісінен біліп, тауып алады. Тоқылдақ сол жерден ағашты тесіп, жәндіктермен қоректенеді. Негізінен жәндіктер ағаш зиянкестері. Үнсіз оқу Көзбен оқу ... Мәтін бойынша жұмыс Қолдарына 5 түрлі қарындаш алып, жұмыс жасайды.


Тоқылдақ ағаш діңінің қуысындағы жәндікті қалай алады? Оның басты қаруы тұмсығы өте мықты және үшкір. Тілдері өзінің ұзындығынан 2 есе ұзынырақ түрлері кездеседі. Тілінің шетінде тісшелері бар, тілі бұранда тәрізді. Ол ұзын тілінің көмегімен ағаш қуысынан жәндіктерді алады. Тоқылдақ тек жас ағашты ғана теспейді, қураған ағаштан өзіне ұя жасап алады. Ол кейде ағаш діңінен кіретін, сосын шығатын екі бөлек есік жасап алады. Бұл жауларынан қорғанудың таптырмас амалы. Мәтіннің негізгі мазмұны: Тоқылдақ орман үшін аса пайдалы құс. Ол ағашты жәндіктер мен қоңыздардан тазартады. (Тапсырманы тақтамен тексеру) Қорытындылау


Сергіту сәті


Фигуралар кестесін толтыру тексеру


Оқығанның мазмұнын тексеру


Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін алдымен мәтіндегі деректер мен әрекеттерді анықтап алу керек. Автордың ойы мен сезімін түсіну қажет. Жасырын мәліметтердің мағынасын ашу маңызды. Мақал –бұл шағын мәтін. Оның негізі мағынасы жасырын болады. Мысалы: Тесік шелекпен су тасылмас Мағынасы: орындалмас, мақсатсыз іспен айналыспас болар. Өз беттеріңмен мағынасын ашып көру 7 рет өлшеп , бір рет кес Мағынасын ашады


Көздің көру аясын кеңейту


Көзімізді ортада тұрған белгіге қадаймыз. Басты қозғалтпай көз арқылы оқылған сан мен әріпті табамыз Бастаймыз №1 кесте Алдымен әріптерді табамыз. А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н сандарды табамыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 №2 кесте 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н № 3 кесте А Б В Г 1 2 3 4 Д Е Ж И 5 6 7 8 К Л М Н 9 10 11 12


Грамматикалық тапсырма Жазбаша жұмыс № 4 КЕСТЕ 1 2 3 4 А Б Г 5 6 7 8 Д Е Ж И 9 10 11 12 К Л М Н № 5 КЕСТЕ А 1 Б 8 В 6 Г 11 Д 12 Е 4 Ж 3 И 10 К 5 Л 9 М 2 Н 7 № 6 КЕСТЕ 1 А 8 Б 6 В 11 Г 12 Д 4 Е 3 Ж 10 И 5 К 9 Л 2 М 7 Н Оқып, қатесін тап Зообақында қаланының Быр маймлмен таныстм Срн шертіп даланың Қонақ пол деп жабыстым Ол да мған көп айты Африка жайнда Қай кезде де суайтың Өтрікі дайында Тапқан қате саны: ( ) Қар жауғанда топ бала Соқтық келіп Ақбала Мұрты сәбіз үп-үшкір Сөзі –көмір қап-қара


Қол машықтарын жетілдіру


1 гимнастика 2. сурет салу мен бояу 3. саусақтардың қозғалысын дамыту Қол машықтарын жетілдіруге арналған тапсырма Аққала өлеңін оқып көреміз Қар жауғанда топ бала, Соқтық келіп аққала. Мүрны сәбіз үп-үшкір, Көзі көмір қап-қара. Көне шелек басында Сыпырғышы қолында Мұз айдынды аршуға Келгендей –ақ ол мұнда 1 . Екі ыдысқа бұршақты сала отырып оқимыз 2. Кірқысқышпен саусақтарын қыса отырып, олеңді оқимыз 3. пластикалық бөтелкенің қақпағына екі Оқушылар жеке-жеке көрсетеді


саусақты қойып, әр жолды оқыған сайын жылжып отырамыз. Екі қолмен сурет саламыз. Екі қолға 2 қарындаш аламыз. Бірімен дөңгелек, екіншісімен төртбұрыш саламыз. Екі суретті бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтаймыз. Осы суретті 1 минут бойы саламыз. Егер 5 рет салсақ жақсы, одан көп өте жақсы.


Қиялды дамытамыз 


1. Көз алдыңа машинаны елестет. Көзіңді жұм да, елестет. Бағала 2. Қоңырау шырылы. Көзіңді жұмып, қоңырау шырылын естіп көр. Бағала 3. Суға түсіп жатырсың. Көзіңді жұм. Бағала 4. Сіз кофе ішіп отырсыз. Кофенің иісін сезін. 5. Қасықпен бал жеп отырсын. Оның дәмін сезін. Сіз әткеншек теуіп отырсыз. Оның қозғалысын сезін.


Елестете алмаймын Өте күңгірт Аздап елестетемін Анық елестетемін Керемет көрініс 1 2 3 4 5 6. «Керемет алмұрт» Алмұрттың суретін кез-келген басқа затқа айналдыр.


Оқығанды есте сақтау


Алдымен есте сақтау қабілеттерін тексеру Көзіңді жұмып, сол заттың бейнесін көзіңе елестет. Теңіз,үй, алау, теледидар, алма, айна Қанша сөз есінде қалды. Есте жақсы сақтау үшін не істеу керек?


Қорытындылау


Мен бүгін сабақта .... білдім. Мен өзімді ... мақтауға тұрарлық деп есептеймін. Маған ұнағаны...


Малғаждарова Еркетан Жеңісқызы


«Степное негізгі мектебі-балабақша кешені» КММ


Бастауыш сынып мұғалімі


Тіл дамыту сабағы 3-сынып




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 16:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»
    20 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Ана құшағында
    18 Наурыз 2015
    Су асты тіршілігі
    17 Наурыз 2015
    Нан туралы өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31