Қазақ тілі сабағында «миға шабуыл» әдісін қолдану

Қазақ тілі сабағында «миға шабуыл» әдісін қолдану

Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – қазіргі заманның талабы. Көп жаңалықтарды іздеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың негізгі міндетіне айналды.

Оқытушылар өз сабақтарында мейлінше жаңаша әдістерді пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Күнделікті сабақтардың жоғарғы деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Оқытушы кез келген стратегияның қыр-сырын, әдіс-тәсілін жетік білуі қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген стратегиялардың 80-нен аса түрі бар. Осы әдіс-тәсілдердің тиімдісін және пайдалысын оқытушы өз еркімен таңдайды. Осындай әдіс-тәсілдерді зерттей келе, көңілімнен шыққан, әлімдік озық идеялар негізінде жасалынған жобалардың бірі −«Миға шабуыл» әдісі.

Миға шабуыл әдісін 1941жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Алғашқы кезде жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген болатын. Миға шабуыл– топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларды өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет оқытушы тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт. [1] Миға шабуыл – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.

«Миға шабуыл» әдісін қолдану ережелері:

1. Миға шабуыл барысында идеяларды сынамаңыз, бағаламаңыз, талқыламаңыз және қорғамаңыз. Топ ішіндегі жұмыс барысында Сіз тек: «Бұл керемет идея екен?», деп қана айта аласыз. ал жеке-дара жұмыс жасағанда өз-өзіңізге тым сыни көзбен қарамаңыз: «Айналадағылардың күлкісін келтіретін ақымақ идея ғой!» деген сипаттағы өзіңізді – өзіңіз сынауыңыз креативтікпен жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілерге соқтырады.

2. Топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез келген идеялардың, шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын таңдау оңай болады.

3. Бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар аударылады. Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен кейбіреулерінің ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз.

4. Айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып алыңыз. Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізу де шығармашылық шабыт қажет. Топ мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір екшеп қарау артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт қалыптастыруы ғажап емес.

«Миға шабуыл» процесі. Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі қатысушылардың белсенділігінен туындайтын достық қатынастың қалыптасуы. «Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:

· мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады:көпшілік алдындағы сөздің идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па?…);

· қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);

· әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;

· басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;

· идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;

· идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.

«Миға шабуыл» соңында жеке адам немесе топтар айтылған ойлардан жалпы қорытынды жасау үшін процестің нәтижесін қарастырады. Жаңа сабақты меңгерту кезеңінде «Миға шабуыл» әдісін қолданған тиімді. Әртүрлі «ашық», «жабық», «жуан», «жіңішке» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады. «Қара жәшік» әдісі - сабақты қызықты бастау

үшін керемет әдіс. Мәселен, «Өсімдіктер» тақырыбын өткен кезде жәшік ішіне өсімдіктің кез-келген түрін салып, оқушыларға жанама тұжырым беру арқылы: Оған су құю керек; Ол әдемі; Биік болып өседі т.б.оқушылар дәл тапқанша жалғаса береді. Тапқаннан соң, жәшік ашылып, ішіндегі өсімдік көрсетіліп, бүігінгі күннің тақырыбы ашылады. «Суретті әңгімеле» әдісін барлық сыныппен де, жұппен жұмыс ретінде де қолдануға болады. Бұл әдісте интерактивті тақтада суреттің бір бөлігі беріледі. Сұрақ қою арқылы суреттің келесі бөліктерін таптырып, тұтас сурет шығарып, жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады. Сонымен қатар сурет бойынша әңгімелету, болжату арқылы нені өтетіндіктері туралы болжам жасатуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. http://www.grandars.ru/student/marketing/metod-mozgovogo-shturma.html

2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

Дуйсенбаева Сауле Қойшыбаевна
Жамбыл облысы, Қордай ауданы

«№16 Михаил Лермонтов атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста