Математиканы оқытудағы жаңа технология

Математиканы оқытудағы жаңа технология

Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.

Мұғалімнің сабағында жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, дұрыс нәтижеге жетсе, мұғалімнің мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Сондай-ақ берілетін білімнің көлемі мен сынып оқушыларының білім деңгейі де ескерілуі қажетті. «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.» [2,б.22] Оқушының алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі дайындауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Мұғалім - басқарушы, ұйымдастырушы. Оқушы - ізденуші, орындаушы. Әрбір сабақтың нәтижеге бағытталып берілуі оқушы құзіреттілігін қалыптастырады. Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты ойластырылып, тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңіл тиеді. Мұғалім әдістемесі көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.[2,б.21]

Математика пәнінің оқытушысы ретінде мен өз сабағымда компьютерді тиімді қолдануға тырысамын. Математика пәні – күрделі пәндердің бірі. Оны оқушы сабақта зейін қойып тыңдамаса, қызығушылығы болмаса, жақсы нәтижелерге қол жеткізу оңай емес. Қызығушылық болмаған жерде оқушылардың өзіндік ізденісі де төмендейтіні белгілі. Ал, ақпараттық технологиялар – баланың өз бетінше ізденіп, шешім қабылдауына көмектеседі, басқа қарапайым технологиялық оқу құралдарына қарағанда оқушыларға жоғары сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға игі әсерін тигізеді. [3,б.22] Мультимедиалық презентацияны математика сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Мультимедиа мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Математика сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, ауызша есептеу тізбегін құрастыруға, математикалық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады. Практикалық тапсырмаларды орындағанда өзін-өзі бақылау қалыптасады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары: электрондық оқулықтар, компьютер, аудио және бейне материалдар, интернет желісі, тестілеу құрылғылары, электрондық пошта, интерактивті тақта болып табылады. Электрондық оқулықты қолдану арқылы сабаққа техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге деген қызығушылығы, білім-білік дағды деңгейінің қалыптасуы, білімнің тереңдігі, тексеру мен бағалау мүмкіндігі, практикалық дағдыларды игеруі артады. Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан сабақта қосымша бай материал көздерін ізденіп қолданамыз.Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс торабына (интернет желісінде) кіруді де үйренеді. Математика сабағында ақпараттық- коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиеленеді. Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады. Математика пәнін

оқытуда әсіресе оқушылар Координаталық жазықтық, График, Функция тақырыптарын компьютерлік бағдарламалар:арқылы меңгергенде жоғары белсенділік, қызығушылық танытады.

Нұргүл Еділқызы Дүйсенова

ШҚО, Күршім ауданы

Маралды ауылы

«Маралды орта мектебі» КММ

Математика пәні мұғалімі

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық-І, 2012.

2. С.Мирсеитова , «Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде.»

3.Математика және физика журналы №7 2012 ж

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста