Мемлекеттік тілдің мәртебесі артып келеді

Мемлекеттік тілдің мәртебесі артып келеді

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен баянды етілуінен келіп шығатыны – қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі болып табылады, оның егемендігін рәміздейді және Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Республиканың Конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады. Сондықтан ана тіліміз қазақ тілінің еліміздің барлық саласында еркін қолданылып, мәртебесінің арта түсуінің, кең көлемде қолданыста, сұраныста болуының маңызы зор!
Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Сонымен қатар, барлық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi, яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген. Аталған заң талаптары мемлекеттік тіліміздің пәрменін арттырып, оның қолдану аясын кеңейтуге зор септігін тигізуде. Мысалы, сот жүйесінде ресми құжаттар негізінен алдымен мемлекеттік тілде жазылып, кейін ресми тілде аудармасы болуы шарт. Атап айта кетерлік жайт соңғы кездері сот ісінде қазақ тілінің қолданыс аясы кеңіп келеді.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Жолдауында: «Біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін Қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізуіміз керек. Ал, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс», - деген нақты тапсырмасы да бар. Осыған орай мемлекеттік қызметкерлер арасында да қазақ тілін білуге деген сұраныс артып келеді. Көптеген қызмет орындарында қазақ тілді мамандар қатары үлкен сұраныста. Сәйкесінше, бүгінгі күні мемлекетік тілді меңгеруге ынталылардың қатары артып келеді. Өйткені қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге деген сұраныс жоғары.
Мемлекеттік тіл саясатын оңтайлы ұйымдастыру сот жүйесінің де басты мақсаты десек, ҚР Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі қазіргі уақытта республикамыздың барлық соттарының бағдаршамына айналған десек, қателеспейміз. Бүгінде іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда сот жүйесіне тиесілі кіріс құжаттарының 80 пайыздан астамы, ал шығыс құжаттарының 100 пайызы қазақ тілінде дайындалады екен. Бұл осынша уақыт ішінде үлкен жетістік деуге болады.
Нұғыманова Арай Байғызаевна,
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста